Құрылғыны дұрыс пайдалануға арналған қосымша кеңес
•Ток сөніп қалған жағдайда, жергілікті электрмен жабдықтау компаниясына қоңырау шалып, электр тогының қанша уақыт болмайтынын сұраңыз.
•Құрылғыны температурасы бұл құрылғы жұмыс істейтін ортаның температурасынан үнемі төмен болатын жерге ұзақ уақыт қойсаңыз, тоңазытқыш бір қалыпты (мұздатылған тағам еріп кетуі немесе мұздатылған тағам бөлігіндегі температура тым төмендеп кетуі) жұмыс істемеуі мүмкін.
•Тағамдардың кей түрлерін тоңазытып сақтаған кезде, тағам сапасына қарай дұрыс сақталмауы мүмкін.
•Құрылғыңызға мұз қатпайды, басқаша айтқанда, құрылғының мұзын қолдан жібітудің қажеті жоқ. Бұл әрекет автоматты түрде орындалады.
•Жібіту кезінде температураның көтерілуі ISO талаптарына сай келеді. Құрылғыны жібіту барысында тоңазытқыш ішіндегі мұздатылған тағам температурасының жоғарылап кетуін қаламасаңыз, мұздатылған тағамды бірнеше қабат газетке ораңыз.
•Мұздатылған тағамды әбден жібітіп болғаннан кейін қайта мұздатпаңыз.
•Екі жұлдыз таңбасы салынған бөлімнің (бөлімдердің) немесе екі жұлдыз белгісі бар () бөліктің (бөліктердің) температурасы, басқа мұздатқыш бөлікке (бөліктерге) қарағанда сәл жоғарырақ.
Екі жұлдызы бар бөлім (бөлімдер) немесе бөлік (бөліктер) құрылғыны жеткізген кездегі нұсқауларға және/немесе жағдайларға сай келеді.
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Казақ 19