Орнату
Орнату
ҚАДАМ: 2 Еден
• Тоңазытқыш орнатылатын бет толық толтырылған тоңазытқышты көтере алуы керек.
• Еденді қорғау үшін тоңазытқыштың әр тірегінің астына үлкен картон төсеу керек.
• Тоңазытқышты тұрақты тұратын жеріне орнатқаннан кейін, еденді қорғау үшін, егер қажет болмаса орнынан қозғамаңыз. Жылжыту керек болса, жылжытатын жолға қалың қағаз немесе ескі кілем тәрізді зат төсеңіз.
ЕСКЕРТПЕ
Тоңазытқышты өлшемі сәйкес келмей кіреберістен өткізе алмасаңыз, Күтім көрсету бөліміндегі Есікті тоңазытқышты кіргізу үшін алу тармағын қараңыз.
ҚАДАМ: 3 Деңгейі реттегіш тіректерді ретке келтіріңіз
АБАЙЛАҢЫЗ
•Тоңазытқышты тегіс, қатты еденге қойып деңгейін реттеу керек. Бұлай істемегенде тоңазытқышқа зақым келуі немесе адам жарақат алуы мүмкін.
•Тоңазытқыштың деңгейін тоңазытқыш бос тұрған кезде реттеу керек. Тоңазытқыштың ішінде ешбір тағам жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
•Қауіпсіз болу үшін алдыңғы тіректерін артқы тіректерден сәл биіктетіңіз.
Тоңазытқыштың деңгейін реттеу үшін, деңгейді реттеуге арналған арнайы бұрандасы (деңгейлегіші) бар алдыңғы тіректерін қолдануға болады. Деңгейді реттеу үшін жалпақ басты бұранда бұрағышты пайдаланыңыз.
• Сол жақтың биіктігін реттеу үшін: Жалпақ ұшты бұранда бұрағышты сол жақ алдыңғы тіректің деңгейлегішіне салыңыз. Биіктету үшін деңгейлегішті сағат тілінің бағытымен, төмендету үшін сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
• Оң жақтың биіктігін реттеу үшін: Жалпақ ұшты бұранда бұрағышты оң жақ алдыңғы тіректің деңгейлегішіне салыңыз. Биіктету үшін деңгейлегішті сағат тілінің бағытымен, төмендету үшін сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
34 Казақ