Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Балаларға тартпаны басып кетуге рұқсат бермеңіз. -- Тартпа сынып, балалар тайып құлап кетуі мүмкін.

Тоңазытқыштың қасында болмаған кезде есігін ашық қалдырмаңыз және балаларға тоңазытқыштың ішіне кіруге жол бермеңіз.

Сәбилер мен балалардың тартпаға кіруіне жол бермеңіз.

-- Қамалып қалып, тұншығу немесе жарақат алуға байланысты мерт болу қаупі бар.

Тоңазытқышқа шамадан тыс көп тағам салмаңыз.

-- Есікті ашқан кезде құлап кетіп адам жарақаттанып қалуы немесе мүлікке зақым келуі мүмкін.

Құрылғының бетіне құрт-құмырысқа жойғыш тәрізді ұшқыш спрейді шашпаңыз.

-- Адамдарға зиянды болумен қатар, электр тогы соғуы, өрт қатерін тудыруы немесе құрылғыға зақым келтіруі мүмкін.

Тұтанғыш спрей, тұтанғыш заттар, құрғақ мұз, дәрі-дәрмек немесе химикат тәрізді температураға сезімтал заттарды құрылғының қасында пайдаланбаңыз немесе ішіне қоймаңыз.

Тоңазытқыштың ішін құрғату үшін шаш кептіргішті қолданбаңыз. Тоңазытқыштың ішіне жағымсыз иісті кетіру үшін жанып тұрған шамды қоймаңыз.

-- Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе зат қоймаңыз (мысалы, кір, жанып тұрған шамдар, тұтатылған шылым, ыдыстар, химикаттар, металл заттар т.с.с.). Себебі электр қатері, өрт немесе құрылғыға байланысты ақау немесе жарақат алу қаупі пайда болуы мүмкін. Су құйылған сауытты құрылғының үстіне қоймаңыз.

-- Төгіліп қалса, өрт шығуы немесе электр қатері пайда болуы мүмкін.

Жібіту үрдісін жылдамдату үшін, өндіруші ұсынған құралдардан басқа механикалық заттарды не басқа құралдарды қолданбаңыз.

Тоңазытқыш жүйені бүлдіріп алмаңыз.

12 Казақ

Untitled-11 12

2017-11-14 ￿￿ 2:38:52

Page 64
Image 64
Samsung RF61K90407F/WT manual Тоңазытқыш жүйені бүлдіріп алмаңыз