
•Ультракүлгін LED шамына ешқашан ұзақ уақыт тура қарамаңыз.
•Тоңазытқыштың сөресін төңкеріп қоймаңыз. Сөренің тірегіші жұмыс істей алмайды.
•Саусақтарыңызды "қыстыратын аумақтардан" алыс ұстаңыз. Есіктер мен корпустың арасына қажетіне орай шамалы орын қалдырылған. Балалар жақын жерде болса, есіктерді байқап ашыңыз.
•Газ жылыстап шыққанын байқасаңыз, ашық от көзінің немесе басқа да газды тұтандыруы мүмкін заттардың жоқ екенін тексеріңіз де, құрылғы тұрған бөлмені бірнеше минут желдетіңіз.
•Өндіруші немесе оның қызмет көрсету агенті жеткізген LED шамдарын ғана қолданыңыз.
•Бөтелкелерді құлап қалмас үшін
•Бұл тек үйде тағам сақтауға арналған құрылғы.
•Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекет етпеңіз.
•Рұқсат етілмеген өзгерістер енгізілсе, қауіпсіздікке қайшы жағдайлар туындауы мүмкін. Рұқсат етілмеген өзгерістерден кейін тоңазытқышты қалпына келтірсек, бөлшектердің құны мен мен жұмыс ақысын толық аламыз.
•Стандартты сақтандырғыштан басқа сақтандырғышты (мысалы, мыс, темір сым т.б.) пайдаланбаңыз.
•Тоңазытқышты жөндеу немесе қайта орнату қажет болса, жақын жердегі сервис орталығына хабарласыңыз.
•Ішкі немесе сыртқы LED шамы жанып кетсе, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қауіпсіздік туралы ақпарат