Қауіпсіздік туралы ақпарат
Тасымалдау және орнатуға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
•Құрылғыны тасымалдау және орнату барысында, салқындату жүйесінің ешбір бөлшегіне зақым келтірмеу үшін абайлау керек.
-- Түтіктен ағып тұрған салқындатқыш газ жануы немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. Егер сұйық аққанын байқасаңыз, ашық от көзінен немесе басқа да тұтандыруы мүмкін заттардан алыс ұстаңыз да, құрылғы тұрған бөлмені бірнеше минут желдетіңіз.
-- Бұл құрылғыда шамалы мөлшерде изобутан тоңазытқыш сұйығы (R-600a) бар, бұл - қоршаған ортаға залалсыз табиғи газ болса да, тұтанғыш келетін газ. Құрылғыны тасымалдау және орнату барысында, тоңазытқыш жүйенің ешбір бөлігіне нұқсан келмес үшін абайлау керек.
Орнатуға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
•Тоңазытқышты ылғалды немесе құрылғыға су тиіп кетуі мүмкін жерге орнатпаңыз.
-- Электр бөлшектерінің қаптамасына нұқсан келсе, электр тогы соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
•Бұл тоңазытқышты күн сәулесі тура түсетін жерге не пештің, бөлме қыздырғыштардың немесе басқа құрылғылардың қызуына тақатып қоймаңыз.
•Бірнеше ұялы розеткаға бірнеше құрылғыларды жалғамаңыз. Тоңазытқышты әрқашан кернеу параметрі, тоңазытқыштың техникалық ақпарат тақтайшасындағы кернеу параметріне сай келетін электр розеткасына тек өзін жалғау керек.
-- Сонда құрылғы тамаша жұмыс істейді және үйдегі электр желісінің жүктемесінің шамадан тыс артуына, нәтижесінде сымдар қызып, өрт шығу қатерінің орын алуына жол бермейді.