Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Құрылғыны су басып кетсе, дереу электр желісінен ағытыңыз да, жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-- Өрт шығуы немесе электр қатері орын алуы мүмкін.

Тоңазытқыштың есігіндегі себеттерде өсімдік майын сақтауға болмайды. Май қатты қоюланып, дәмі бүлінуі және оны пайдалану қиындауы мүмкін. Сонымен қатар, ашық ыдыстан май ағып, ол есіктегі себеттің жарылуына себеп болуы мүмкін. Майдың ыдысын ашқаннан кейін ыдысты шкаф немесе шолан сияқты салқын әрі қараңғы жерде сақтаған дұрыс.

-- Өсімдік майларының түрлері: зәйтүн майы, жүгері майы, жүзім дәнінің майы, т. б.

Тазарту кезіндегі сақтық шаралары

АБАЙЛАҢЫЗ

Тоңазытқыштың ішкі немесе сыртқы бетіне су шашпаңыз. -- Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Тоңазытқыштың ішін құрғату үшін шаш кептіргішті қолданбаңыз.

Тоңазытқыштың ішіндегі жағымсыз иісті кетіру үшін жанып тұрған шам қоймаңыз.

-- Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Тазалағыш құралдарды бейнебетке тура шашпаңыз. -- Бейнебетке басылған қаріптер түсіп қалуы мүмкін.

Құрылғыға су тәрізді бөгде зат кіріп кетсе, ашасын розеткадан суырып, ең жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-- Бұлай істемесеңіз, электр қатері немесе өрт пайда болуы мүмкін.

Қуат ашасының істікшелеріндегі бөгде затты немесе шаңды тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз. Ашаны тазалаған кезде су немесе дымқыл шүберекті қолданбаңыз.

-- Себебі өрт шығуы немесе электр тогы соғуы мүмкін.

Құрылғыға тура су шашып тазалауға болмайды.

16 Казақ

Untitled-11 16

2017-11-14 ￿￿ 2:38:52

Page 68
Image 68
Samsung RF61K90407F/WT manual Тазарту кезіндегі сақтық шаралары