•Су құйылған сауытты тоңазытқыштың үстіне қоймаңыз.
•Тоңазытқыштың ішіне буланғыш немесе тұтанғыш нәрселерді немесе заттарды (бензол, сұйылтқыш, пропан газы, спирт, эфир, СГ және тағы басқа осы сияқты заттарды) сақтамаңыз.
•Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
•Балаларға есікке немесе есіктің сауыттарына тартылып тұруға рұқсат бермеңіз. Ауыр жарақат алуы мүмкін.
•Балаларға тоңазытқыштың ішіне кіруге рұқсат бермеңіз. Қамалып қалуы мүмкін.
•Қолыңызды құрылғының астына сұқпаңыз.
•Фармацевтикалық өнімдерді, ғылыми материалдарды не температураға сезімтал заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.
•Тоңазытқыш/мұздатқыштың ішіне өндіруші арнайы рұқсат етпеген электр құрылғыларын қоюға немесе қолдануға болмайды.
•Егер фармацевтикалық заттың немесе түтіннің иісін сезсеңіз, қуат ашасын дереу ағытып, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып алыңыз да, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Казақ 11