C Pen пайдалану

Galaxy TabPro S құралын Bluetooth арқылы қосу

C Pen құрылғысын пайдалану үшін, оны мобильді құрылғымен жұптастыру керек. Құрылғылар жұпталғаннан кейін, C Pen құрылғысы жоғары түймесін немесе төмен түймесін әрбір рет басқан кезде мобильді құрылғыға қосылуға тырысатын болады.

1

2

3

 C Pen  Bluetooth жұптастыру режиміне кіру үшін жоғары немесе төмен түймесін шамамен үш секунд бойы басып тұрыңыз.

Индикатор шамы қызыл және көк түспен жыпылықтайды.

 Galaxy TabPro S  Bluetooth мүмкіндігін белсендіріңіз және Bluetooth құрылғыларын іздеңіз.

Қосымша ақпаратты екінші құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

 Galaxy TabPro S  Қолжетімді құрылғылардың ішінен Galaxy TabPro Pen (0000) тармағын таңдаңыз.

C Pen құрылғысының PIN коды, басқа құрылғының Bluetooth параметрлері экранында көрсетілген жақша ішіндегі төрт цифрдан тұратын сан болып табылады. Сан C Pen құрылғысына байланысты ерекшеленеді.

Bluetooth қосылымы сәтсіз аяқталса немесе екінші құрылғы C Pen құрылғысын анықтай алмаса, екінші құрылғының тізімінен құрылғының ақпаратын жойыңыз. Содан кейін қосылу әрекетін қайталаңыз.

Қазақ тілі

7

7