Қосымша

Ақаулықтарды жою

Samsung сервис орталығына хабарласпай тұрып, келесі шешімдерді қолданып көріңіз.

C Pen құрылғысы жұмыс істемейді

Батареяның қуаты толықтай таусылған кезде, C Pen құрылғысы жұмыс істемейді. C Pen құрылғысын пайдаланбас бұрын батареяны толық зарядтаңыз.

C Pen құрылғысы қатып қала береді

Bluetooth жұптастыру режиміне кіру үшін жоғары немесе төмен түймесін шамамен үш секунд бойы басып тұрыңыз. C Pen құрылғысы Bluetooth жұптау режиміне кіргенде құрылғыларды қайтадан қосыңыз, содан кейін C Pen құрылғысының жұмысын тексеріңіз.

Егер ақаулық әлі де шешілмей жатса, Samsung сервис орталығына хабарласыңыз.

Басқа Bluetooth құрылғысы C Pen құрылғыңызды таба алмады

C Pen құрылғысы Bluetooth жұптастыру режимінде екенін тексеріңіз.

C Pen құрылғысы мен екінші Bluetooth құрылғысы Bluetooth қосылым ауқымының (10 м) ішінде екеніне көз жеткізіңіз.

Егер ақаулық әлі де шешілмей жатса, Samsung сервис орталығына хабарласыңыз.

C Pen құрылғысы басқа Bluetooth құрылғысына қосыла алмайды

C Pen құрылғысы мен екінші Bluetooth құрылғысы ең жоғары Bluetooth ауқымының (10 м) ішінде екеніне көз жеткізіңіз.

Қосылғыңыз келетін құрылғыда барлық жұптастырылған құрылғыларды ажыратып, қайта қосылып көріңіз.

Қазақ тілі

13

13