Құрылғыны орнатып болғаннан кейін электр желісінен ағыту мүмкін болуға тиіс. Ағытуды қол жететін аша арқылы немесе электр сымдарын тарту ережелеріне сәйкес қосқышты тұрақты электр желісіне жалғау арқылы жасауға болады.

ЕСКЕРТУ (Пеш функциясына ғана қатысты) - Опция

ЕСКЕРТУ: Ықшам құрамдастырылған пеш аралас режимде жұмыс істеген кезде, жоғары температура салдарынан балаларға оны тек ересектердің қадағалауымен ғана қолдануға болады.

Пайдалану кезінде құрылғы ысып кетеді. Сақ болыңыз, пеш ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз.

ЕСКЕРТУ: Пайдалану кезінде қол жететін бөлшектері ысып кетуі мүмкін. Жас балаларды алыс ұстау керек.

Бумен тазалағышты пайдалануға болмайды.

ЕСКЕРТУ: Электр тоғы соғуына жол бермес үшін шамды ауыстырмас бұрын құрылғыны тоқтан ағытуды ұмытпаңыз.

ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін бөліктері, құрылғыны пайдаланғанда қызып тұрады. Қыздырғыш элементтерге қол тиіп кетпес үшін абай болу керек. 8 жасқа толмаған балаларды, үнемі байқап отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.

Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқандар ғана қолдануға тиіс және кембағал, сезім жүйесі дамымаған немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар құрылғыны қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алса немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.

Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс. Қадағалау болмаса, осы аспапты тазалауына және іске пайдалануына болмайды.

Пештің шыны есігін тазалау кезінде абразивті тазалағыштарды, химиялық белсенді заттарды және өткір металл қырғыштарды қолданбаңыз, өйткені бұл шыныда сызат немесе жарықтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Құрылғының қол жететін беттерінің температурасы құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде жоғары болуы мүмкін.

Казақ - 6

NQ50C7535DS_WT_DG68-00470C-03_KK.indb 6

4/27/2016 2:09:01 PM

Page 158
Image 158
Samsung NQ50C7535DS/WT manual Бумен тазалағышты пайдалануға болмайды