Пештің ішінде жарқыл және сытыр (электр жарқылы) пайда болады.

Барлық металл керек-жарақты, ыдыс-аяқты немесе металл сымдарды алып тастаңыз.

Егер жұқалтыр қолдансаңыз, тек жіңішке таспаларын қолданыңыз да, жұқалтыр мен пештің ішкі қабырғаларының арасында кемінде бір дюйм орын қалдырыңыз.

Жұмыс кезіндегі шуылы тым қатты.

Пеш жұмыс істеп тұрғанда шуыл шығарады. Бұл қалыпты жағдай. Егер қалыптан тыс шуыл үнемі естілсе, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Пеш радио немесе теледидарға бөгеуіл жасайды.

Пеш жұмыс істеп тұрған кезде теледидар мен радиода аздаған бөгеуіл пайда болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Бұндай бөгеуілді азайту үшін, пешті теледидар, радио және антеннадан алыс орнатып көріңіз.

Пештің микропроцессоры бөгеуіл барын анықтаса, бейнебет параметрлерін қайта орнату қажет болуы мүмкін. Бұл ақаулықты түзету үшін ашаны розеткадан суырыңыз да, қайта жалғаңыз. Уақытты қайта орнатыңыз.

Жарықтама шамы жанбай тұр.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында шамды пайдаланушы ауыстырмауға тиіс.

Жақын жердегі Samsung тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласып, шамды ауыстырту үшін уәкілетті маманды шақыртыңыз.

Желдеткіш пешті сөндіргеннен кейін де жұмыс жасай береді.

Бұл қалыпты жағдай. Желдеткіш пешті сөндіргеннен кейін пешті салқындату үшін жұмыс жасай беруі мүмкін.

Пештің ішінде конденсат пайда болады.

Бұл қалыпты жағдай. Пісіріп болғаннан кейін сүрте салыңыз.

Есіктің айналасы мен корпустың сыртынан жел үрлейді.

Бұл қалыпты жағдай.

Есіктің маңайы мен корпустың сыртында жарық шағылысып тұр.

Бұл қалыпты жағдай.

Есіктің маңайы мен саңылаулардан бу шығып кетеді.

Бұл қалыпты жағдай.

Казақ - 71

07 АҚАУЛЫҚ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АҚАУЛЫҚ КОДЫ

NQ50C7535DS_WT_DG68-00470C-03_KK.indb 71

4/27/2016 2:09:40 PM

Page 223
Image 223
Samsung NQ50C7535DS/WT manual Пештің ішінде жарқыл және сытыр электр жарқылы пайда болады, Жұмыс кезіндегі шуылы тым қатты