АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Тек микротолқынды пеште қолдануға болатын ыдыс-аяқтарды ғана қолданыңыз; металл сауыттардың ешқайсысын, жиектері алтын немесе күміспен жалатылған ас ыдыстарын, істік, шанышқыларды т.с.с. ешқашан ҚОЛДАНБАҢЫЗ; Қағаз немесе пластик қалталардың сымтемірден жасалған бауларын алыңыз. Себебі : Электр жарқылы немесе қысқа тұйықталу пешті бүлдіруі мүмкін.

Құрамдастырылған пешті қағаз немесе киімді жылыту үшін қолданбаңыз.

Аз тағамды қыздырған кезде қатты ысып және күйіп кетпес үшін қысқа қыздыру уақытын қолданыңыз.

Қорек сымы немесе ашасын суға батырмаңыз, қорек сымын қызу көзінен алыс ұстаңыз.

Құрамдастырылған пеште шикі жұмыртқаны немесе бітеу пісірілген жұмыртқаны жылытуға болмайды, өйткені олар пеште қыздырып болғаннан кейін де жарылуы мүмкін. Сонымен қатар, тұмшаланып жабылған шөлмектерді, банкаларды, сауыттарды, қабығы аршылмаған жаңғақтарды, қызанақтарды, т.б. қыздыруға болмайды.

Желдеткіш саңылауларды киіммен немесе қағазбен бітемеңіз. Пештен ыстық ауа шығатындықтан, бұндай заттар өртенуі мүмкін. Сондай-ақ, пеш қатты қызып кетіп, автоматты түрде сөніп, әбден суығанша сөнген қалпы тұруы мүмкін.

Байқаусызда күйіп қалмас үшін, тағамды пештен алар кезде әрқашан пешке арналған қолғапты қолданыңыз.

Сұйық заттарды қыздырудың орта тұсына келгенде немесе қыздырып болғаннан кейін араластырыңыз және қыздырып болғаннан кейін кенет тасып кетпес үшін 20 секунд қоя тұрыңыз.

Пештің есігін ашқан кезде, ыстық ауа немесе буға күйіп қалмас үшін қолдың ұзындығындай жерде алыс тұрыңыз.

Құрамдастырылған пештің ішінде ештеңе болмаса, оны қоспаңыз. Пеш қауіпсіздік мақсатында автоматты түрде 30 минут өшіріледі. Микротолқынды пеш кенет іске қосылып кетсе микротолқын қуатын сіңіру үшін оның ішіне әрқашан бір стакан су қойып қоюды ұсынамыз.

Пешті орнату кезінде нұсқауда көрсетілген қабырғаға дейін қажетті аралықты қамтамасыз етіңіз (қараңыз: "Ықшам құрамдастырылған пешті орнату").

Пештің қасында орналасқан розеткаларға басқа электр құрылғыларын жалғаған кезде абай болыңыз.

Казақ - 14

NQ50C7535DS_WT_DG68-00470C-03_KK.indb 14

4/27/2016 2:09:23 PM

Page 166
Image 166
Samsung NQ50C7535DS/WT manual Абай Болыңыз