ҚҰРАМДАСТЫРЫЛҒАН ПЕШТІ ТАЗАЛАУ

Микротолқынды пештің келесі бөлшектерін май және тағам қалдықтары жиналып қалмас үшін мерзімді түрде тазалап отыру керек:

Ішкі және сыртқы беттері

Есігі және тығыздағыштары

Бұрылмалы табақ және айналмалы шығырықтар(Бұрылмалы табағы бар үлгілерге ғана арналған)

Есік тығыздағыштарының таза екенін, әрі есіктің дұрыс жабылатын-жабылмайтынын ӘРҚАШАН тексеріп отырыңыз.

Пешті таза күйде ұстамау беткі қабатының бүлінуіне әкелуі мүмкін, ал бұл құрылғының жарамдылық мерзіміне кері әсер етуі және қатерлі жайттың орын алуына себеп болуы мүмкін.

1.Сыртқы беттерін жұмсақ шүберекпен, жылы әрі сабынды сумен жуыңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.

2.Пештің ішіндегі қалдықтар мен дақтарды сабынды суға батырылған шүберекпен тазалаңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.

3.Қатып қалған тағам қалдықтарын жұмсарту және жағымсыз иісті кетіру үшін, бір кесе сұйылтылған лимон шырынын пештің ішіне қойыңыз да, қуатты ең үлкен мәнге қойып он минут қыздырыңыз.

4.Ыдыс жуғыш машинада жууға болатын табақты қажет кезде жуыңыз.

Желдеткіш саңылауларға су ШАШЫРАТПАҢЫЗ. Жеміргіш заттар немесе химиялық еріткіштерді ЕШҚАШАН қолданбаңыз. Есіктің тығыздағыштарын тазалағанда келесіні ескеріңіз:

Ешбір қоқыс жиналып қалмасын

Қоқыс есіктің жабылауына кедергі жасамасын

Микротолқынды пештің ішін жұмсақ жуғыш затпен әр қолданып болған сайын тазалаңыз, бірақ жарақаттанып қалмас үшін микротолқынды пешті тазалардың алдында әрқашан салқындатыңыз.

Пештің төбесін ішкі жағынан тазалау үшін қыздырғыш элементті 45 ° градусқа төмен түсіріп қойған ыңғайлы болады. (Тербелмелі қыздырғышы бар үлгілер ғана)

Казақ - 11

02 БЕЛГІШЕЛЕР МЕН ТАҢБАЛАРДЫҢ ТҮСІНДІРМЕСІ

NQ50C7535DS_WT_DG68-00470C-03_KK.indb 11

4/27/2016 2:09:20 PM

Page 163
Image 163
Samsung NQ50C7535DS/WT manual Құрамдастырылған Пешті Тазалау