ҚҰРАМДАСТЫРЫЛҒАН ПЕШТІ САҚТАУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

Ықшам құрамдастырылған пешті орнату кезінде және оған қызмет көрсету кезінде бірнеше қарапайым сақтық шараларын орындау қажет.

Есігі немесе есігінің тығыздағыштары бүлінген пешті іске қоспау керек:

Топсалары сынған

Тығыздағыштары бүлінген

Пештің корпусы бұзылып немесе майысып қалған

Оны тек білікті, микротолқынды пешті жөндейтін маман ғана жөндеуге тиіс

Пештің сыртқы корпусын ЕШҚАШАН алмаңыз. Егер пеш бүлініп, оны жөндеу қажет болса немесе оның қандай жағдайда екендігі сізді толғандырып жүрсе:

Оны розеткадан ағытыңыз

Ең жақын сатып алушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз

Пешті уақытша сақтап қоя тұрғыңыз келсе, құрғақ, шаң баспайтын жерді таңдаңыз.

Себебі: Шаң және ылғал пештің жұмыс жасайтын бөлшектеріне зиян келтіруі мүмкін.

Бұл құрамдастырылған пеш коммерциялық пайдалануға арналмаған.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында шамды пайдаланушы ауыстырмауға тиіс. Жақын орналасқан Samsung тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласып, шамды ауыстырту үшін уәкілетті маманды шақыртыңыз.

ЕСКЕРТУ

Құрылғыны білікті маман ғана өзгертуге немесе жөндеуге тиіс.

Тұмшаланып жабылған сауыттардағы сұйық заттарды және басқа тағамдарды микротолқын функциясымен қыздырмаңыз.

Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жоғары қысыммен жұмыс істейтін су бүріккіш немесе бумен тазалайтын құралдарды қолданбаңыз.

Бұл құрылғыны қыздырғыштың, тұтанғыш заттың қасына орнатпаңыз; ылғалды, майлы немесе шаңды жерге қойып немесе күн сәулесі тура түсетін және су ағатын немесе газ шығатын жерге; тегіс емес жерге қоймаңыз.

Бұл құрылғыны жергілікті және мемлекеттік ережелерге сай дұрыс жерге қосу керек.

Құрылғының ашасы қосылатын ағытпалар мен контакттарын, шаң немесе су тәрізді басқа заттардан құрғақ шүберекті қолданып мезгіл-мезгіл тазалап отырыңыз.

Казақ - 12

NQ50C7535DS_WT_DG68-00470C-03_KK.indb 12

4/27/2016 2:09:21 PM

Page 164
Image 164
Samsung NQ50C7535DS/WT manual Құрамдастырылған Пешті Сақтау Және Жөндеу