Суды төгу

Samsung биіктігі 46см тік құбырды қолдануды ұсынады. Су төгетін түтікті, су төгетін түтіктің қапсырмасын қолдана отырып, тік құбыр арқылы өткізу керек. Тік құбыр су төгетін түтіктің сыртқы диаметрі сиятындай кең болуға тиіс. Су төгетін түтік зауытта құрылғыға орнатылады.

Еденге орналастыру

Кір жуғыш машинаны барынша тиімді жұмыс жасауы үшін қатты еденге қою керек. Ағаш еденге қойған кезде, діріл мен/не кірдің теңгерімі дұрыс сақталуы, оны қосымша бекіту керек. Кір жуғыш машинаны кілем немесе жұмсақ тақта төселген еденге қойған кезде, машина дірілдеуі немесе айналдыру циклі кезінде ақырын жылжуы мүмкін.

Кір жуғыш машинаны ешқашан тағанның үстіне немесе бос тұрған төсемге қоймаңыз.

Бөлме температурасы

Кір жуғыш машинаны су қатып қалуы мүмкін жерге қоймаңыз, себебі кір жуғыш машинаның су тығырығында, сорғысы мен түтіктерінің маңында сəл су қалып отырады. Мұздап қалған су таспалар мен, сорғыға, жəне басқа да құралас бөлшектерге зиян келтіреді.

Ұя ішіне не шкафқа орнату

Қауіпсіз əрі тиісті түрде жұмыс істеуі үшін, жаңа жуғыш машинаңызды мына қашықтықтарды сақтап орнатуыңыз керек:

Жан-жағынан – 25 мм

Арт жағынан – 150 мм

Үстінен – 432 мм

Алдынан – 51 мм

Егер кір жуғыш машина мен кептіргішті қатар орнатсаңыз, ұяның немесе шкафтың алдыңғы жағында кем дегенде 465 см² ауа кіретін бос орын болуға тиіс. Кір жуғыш машинаның бір өзін жеке орнатсаңыз, ауа кіруге арналған бос орын қажет жоқ.

КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ

1-ШІ ҚАДАМ Орналастыратын жерді таңдау

Кір жуғыш машинаны орнатардың алдында, қойылатын жерді тексеріңіз:

Қатты, тегіс, желдетуге кедергі келтіретін кілем немесе еден орнатылмаған болуы керек

Күн сəулесі тура түсетін жерден алыс болуға тиіс

Жеткілікті түрде желдетілетін болуы керек

Мұздамайтын жерде тұруға тиіс (0 ˚C градустан төмен)

Мұнай не газ тəрізді жанғыш заттардан алыс болуы керек

Кір жуғыш машинаны қуат сымын басып қалмайтын етіп орнату үшін жеткілікті түрде кең болуы керек

Казақ - 15

02 ПАРАМЕТРЛЕРДІ ОРНАТУ

YUKON-03073S-07_KK.indd Sec9:15

6/10/2016 11:12:19 AM

Page 103
Image 103
Samsung WD1142XVR/YLP manual КІР Жуғыш Машинаны Орнату, Суды төгу, Еденге орналастыру, Бөлме температурасы