Замок от детей (Бала қауіпсіздігінің құралы)

Бала қауіпсіздігінің құлпы балаларға жуғыш машинамен ойнауға жол бермейді.

Бала қауіпсіздігі функциясын қосқаннан кейін, балалар жуғыш машинамен ойнамау үшін басқару панелі іске қосылмайды.

Қосу/Ажырату

Айналдыру жəне Кептіру түймешіктерін шамамен 3 секунд қатар басып ұстап тұрыңыз.

Бала қауіпсіздігі функциясын қосқан кезде есік бекітіледі де,

“Замок от детей (Бала қауіпсіздігінің құралы) [ ]” шамы жанады.

Егер Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) түймешігін Бала қауіпсіздігі функциясын қосқаннан кейін бассаңыз, Қуат түймешігінен басқа ешбір түймешік жұмыс істемейді.

Түймешіктер бұғатталып тұрғанда түймешікті бассаңыз, “Замок от детей (Бала қауіпсіздігінің құралы) [ ]” шамы жыпылықтайды.

Бала қауіпсіздігі функциясын кідірту

3 SEC.

Есік құлыпталып тұрғанда немесе Бала қауіпсіздігі функциясы

түймешіктерді бұғаттап тұрған кезде, Бала қауіпсіздігі функциясын Отжим (Айналдыру) жəне Режим сушки (Кептіру) түймешіктерін шамамен 3 секунд басып, 1 минутқа кідіртуге болады.

Егер Бала қауіпсіздігі режимін уақытша кідіртсеңіз, пайдаланушыға ыңғайлы болу үшін есіктің құлпы 1 минутқа ашылады. Осы кезде “Замок от детей (Бала қауіпсіздігінің құралы) [ ]” шамы жыпылықтайды.

Минут өткеннен кейін есікті ашсаңыз, 2 минут дыбыстық сигнал естіледі.

Егер есікті 2 минут ішінде жапсаңыз, есік құлыпталады да, Бала қауіпсіздігі функциясы ажыратылады. Егер есікті 2 минуттан кейін жапсаңыз, есік автоматты түрде жабылмайды да, дыбыстық сигнал естілмейді.

Бала қауіпсіздігі функциясын ажырату

Отжим (Айналдыру) жəне Режим сушки (Кептіру) түймешіктерінің екеуін де шамамен 6 секунд қатар басып ұстап тұрыңыз.

Бала қауіпсіздігі функциясын ажыратқаннан кейін есіктің бұғаты ашылады да, “Замок от детей (Бала қауіпсіздігінің құралы) [ ]” сөнеді.

Бала қауіпсіздігінің функциясы балалар мен əлсіз адамдар жуғыш машинаны кенет қосып, жарақат алып қалуына жол бермейді.

Егер бала кір жуғыш машинаға кіріп кетсе, қамалып қалып тұншығуы мүмкін.

Бала қауіпсіздігі функциясын қосқаннан кейін, тоқ сөніп тұрса да жұмыс істей береді.

Есікті күшпен ашқанда, адам құрылғыға келген зақымнан жарақат алып қалуы мүмкін. Бала қауіпсіздігі функциясын қосқаннан кейін кір салу үшін, əуелі Бала қауіпсіздігі функциясын кідірту немесе ажырату керек.

Бала қауіпсіздігі функциясы қосылып тұрған кезде кір жуғыш машинаның есігін ашқыңыз келсе:

Бала қауіпсіздігі функциясын кідіртіңіз немесе ажыратыңыз.

Кір жуғыш машинаны сөндіріңіз де, содан кейін қайта қосыңыз.

Бала қауіпсіздігі функциясы қосылған кезде Подключение (Қуат) түймешігі ғана жұмыс істейді. Бала қауіпсіздігінің құралы функциясы тіптен электртоғы өшіп қалып, қуат қайта қосылса немесе ажыраса, немесе қуат сымын ажыратып. қайта қосқаннан кейін де белсенді қалыпта тұра береді.

03 КІР ЖУУ

Казақ - 25

YUKON-03073S-07_KK.indd Sec5:25

6/10/2016 11:12:21 AM

Page 113
Image 113
Samsung WD1142XVR/YLP manual Замок от детей Бала қауіпсіздігінің құралы