кір жуғыш машинаны тазалау жəне оған күтім көрсету

КОРПУСТЫҢ СЫРТЫН ТАЗАЛАУ

Күнделікті жууды аяқтағаннан кейін су шүмектерін жабыңыз.

Бұл кір жуғышқа құйылатын суды тоқтатып, су күтпеген жағдайда ағып, құрылғыға зақым келтіруге жол бермейді. Есікті ашық қалдырып, кір жуғыштың ішін кептіріңіз.

Жуғыш затты, ағартқышты немесе басқа төгілген заттарды жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Келесіні тазалауды ұсынамыз:

Басқару панелі – Жұмсақ, дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Жеміргіш ұнтақтарды немесе тазалағыш жөкелерді пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттарды басқару панеліне тікелей шашуға болмайды. Корпус – Сабын мен суды пайдаланып тазалаңыз.

МАШИНАНЫҢ ІШКІ ЖАҒЫН ТАЗАЛАУ

Кір жуғыш машинаның ішкі жағын мезгіл-мезгіл тазалап, кірлерді жуғаннан кейін қалуы мүмкін шаң, кір, иіс, зең немесе бактериялардың қалдықтарын тазалаңыз.

Бұл нұсқауларды орындамаған кезде қолайсыз жағдайлар, соның ішінде кір жуғыш машинада жағымсыз иіс жəне/немесе кетпейтін дақ қалуы мүмкін.

Егер қажет болса, судан қалған қатты шөгінділерді алуға болады. "Кір жуғышқа арналған" деген жазуы бар жуғышты пайдаланыңыз.

ҮЛЕСТІРГІШТЕРДІ ТАЗАЛАУ

Автоматты үлестіргішті кір жууға арналған қоспалардың жиналуына байланысты уақытылы тазалау керек.

1. Жуғыш зат бөлігінен сұйық жуғыштың қорапшасын алыңыз.

2. Мата жұмсартқыш пен ағартқыштың қорапшаларындағы сифон қақпақты алыңыз.

3.Барлық бөліктерді ағып тұрған сумен жуыңыз.

4.Үлестіргіштің ұяшығын жұмсақ шөткемен тазалаңыз.

5. Сифон қақпақты қайта салып, өз орнына мықтап қойыңыз.

6.Үлестіргішті орнына итеріп қойыңыз.

7.Шаю+Айналдыру циклын машинаға ешбір кір салмай қосыңыз.

Сифон қақпағы

Казақ - 34

YUKON-03073S-07_KK.indd Sec6:34

6/10/2016 11:12:23 AM

Page 122
Image 122
Samsung WD1142XVR/YLP manual Корпустың Сыртын Тазалау, Машинаның Ішкі Жағын Тазалау, Үлестіргіштерді Тазалау