қауіпсіздік туралы ақпарат

Ашаны розеткадан қорек сымынан тартып суырмаңыз.

-Ашаны розеткадан, ашаның өзінен ұстап суырыңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Қорек сымы мен түтіктерді, адам құлап басып кетуі мүмкін жерге төсемеңіз.

Бұл құрылғыны розеткаға, су құятын шүмектер мен су төгетін құбырларға жақын жерге орнату керек.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ ОРНАТУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

Бұл құрылғыны, оның ашасына қол жететін етіп орнату керек.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр тоғы таралып, электр қатері орын алуы не өрт шығуы мүмкін.

Құрылғыны оның салмағын көтере алатын тегіс жəне қатты еденнің үстіне орнатыңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, құрылғы дірілдеуі, жылжуы, одан шуыл шығуы жəне басқа да ақаулықтар орын алуы мүмкін.

ЕСКЕРТУ ІСКЕ ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

Егер құрылғы судың астында қалса, дереу электр жəне сумен жабдықтау желілерінен ағытыңыз да, жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-Ашаны дымқыл қолмен Ұстамаңыз.

-Бұл нұсқау орындалмаса, электр қатеріне ұрынуыңыз мүмкін

Егер құрылғыдан тосын шуыл, көңірсіген немесе түтін иісі шықса, ашаны дереу розеткадан суырыңыз да, жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Газ шығып кеткен кезде (мысалы, пропан, сұйылтылған газ т.с.с.) құрылғы ашасына қол тигізбей, бөлмені дереу желдетіңіз. Құрылғыға немесе оның қорек сымына қол тигізбеңіз.

-Желдеткішті қолданбаңыз.

-Жарқыл шығып, жарылыс немесе өртке ұласуы мүмкін.

Балаларға кір жуғышқа шығып не ішіне кіріп ойнауға рұқсат бермеңіз. Сонымен қатар, құрылғыны тастаған кезде, есігінің теңгерім құралын алыңыз.

-Бала құрылғының ішіне кіріп қамалып қалса, тұншығып өлуі мүмкін.

Кір жуғыш машинаны қолданар алдында, табанындағы орам материалдарын (жөке, көбікті текше) алыңыз.

Бензин, керосин, бензол, бояу сұйылтқыш, спирт не басқа да тұтанғыш немесе жарылғыш зат сіңген заттарды жумаңыз.

-Электр қатері орын алуы, өрт не жарылыс шығуы мүмкін.

Жұмыс істеп тұрған (жоғары температурада жуу/кептіру/айналдыру) кір жуғыш машинаның есігін күшпен ашпаңыз.

-Кір жуғыш машинадан аққан суға күйіп қалуыңыз немесе еден тайғанақ болып кетуі мүмкін.

Нəтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.

-Есікті күшпен ашқанда құрылғы бұзылуы немесе адам жарақат алуы мүмкін.

Кір жуғыш машинаның астына қолыңызды жүгіртпеңіз.

-Нəтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.

Қуат ашасын дымқыл қолмен ұстамаңыз.

-Электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.

Жұмыс істеп тұрған құрылғыны ашасынан тартып сөндіруге болмайды.

-Ашаны қайта розеткаға сұққан кезде жарқыл пайда болып, электр қатері немесе өрт шығуы мүмкін.

Казақ - 8

YUKON-03073S-07_KK.indd 8

6/10/2016 11:12:18 AM

Page 96
Image 96
Samsung WD1142XVR/YLP manual Абай Болыңыз Орнатуға Қатысты Ескерту Белгілері