ЕСКЕРТУ ОРНАТУҒА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУЛЕР

Бұл құрылғыны білікті техник немесе қызмет көрсету орталығы орнатуға тиіс.

-Бұл нұсқау орындалмаған жағдайда, электр, өрт, жарылыс қатері орын алуы, өнімге нұқсан келуі не адам жарақат алуы мүмкін.

Бұл ауыр құрылғы, көтерген кезде абайлаңыз

Қорек сымын АТ 220-240 В / 50 Гц не бұдан қуатты розеткаға жалғаңыз жəне розетканы тек осы құрылғы үшін қолданыңыз. Сонымен қатар, ұзартқыш сымды қолдануға болмайды.

-Розеткаға ұзартқышты немесе көп-салалы қосқышты пайдаланып басқа құрылғыларды қоссаңыз, электр қатері не өрт шығуы мүмкін.

-Желі кернеуі, жиілік пен тоқ мəндерінің, құрылғының техникалық параметрлеріне сай келетінін тексеріңіз. Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін. Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз.

Құрылғының ашасы қосылатын ағытпалар мен контакттарын, шаң немесе су тəрізді басқа заттардан құрғақ шүберекті қолданып мезгіл-мезгіл тазалап отырыңыз.

-Ашаны розеткадан суырып, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Ашаны розеткаға қорек сымы еденді бойлай жататын етіп дұрыс бағытта сұғыңыз.

-Егер ашаны розеткаға кері бағытта сұқсаңыз, қорек кабелінің ішіндегі сымдар бүлініп, нəтижесінде электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Орам материалдарының барлығын баланың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі орам материалдары балалар үшін қауіпті болуы мүмкін.

-Бала қалтаны басына киіп алса, тұншығып қалуы мүмкін.

Құрылғы немесе қорек сымы бүлінген жағдайда, жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бұл құрылғыны жерге дұрыс қосу керек.

Құрылғыны газ құбырына, пластик су құбырына немесе телефон желісіне тұйықтамаңыз.

-Электр қатері орын алуы, өрт, жарылыс шығуы немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін

-Құрылғының ашасын жерге дұрыс қосылмаған розеткаға ешқашан жалғамаңыз, оны жергілікті жəне мемлекеттік стандарттарға сай жерге қосыңыз.

Бұл құрылғыны қыздырғыштың немесе тұтанғыш заттың қасына орнатпаңыз.

Бұл құрылғыны ылғалды, майлы немесе шаңды жерге немесе күн сəулесі тура түсетін, су ағатын (жаңбыр тамшысы) жерге орнатпаңыз.

Бұл құрылғыны температурасы төмен жерге орнатпаңыз.

-Аяз түтіктерді жарып жіберуі мүмкін

Бұл құрылғыны газ жылыстап шығуы мүмкін жерге орнатпаңыз.

-Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Электрлі трансформаторды қолданбаңыз.

-Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Бүлінген ашаны, бүлінген қорек сымын немесе босап қалған розетканы қолданбаңыз.

-Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Қорек сымын тартпаңыз, не қатты майыстырмаңыз. Қорек сымын иіп немесе шиеленістірмеңіз.

Қорек сымын металл заттарға ілмектеп байламаңыз, ауыр затты қорек сымының үстіне қоймаңыз, қорек сымын заттардың арасына қыстырмаңыз немесе қорек сымын құрылғының артына тықпаңыз.

-Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Казақ - 7

01 ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

YUKON-03073S-07_KK.indd 7

6/10/2016 11:12:17 AM

Page 95
Image 95
Samsung WD1142XVR/YLP manual Ескерту Орнатуға Қатысты Қатаң Ескертулер, Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін