КОНВЕКЦИЯ РЕЖИМІ БОЙЫНША ПІСІРУ

Конвекция режимі тағамды дәстүрлі пештерде пісірген тәрізді пісіруге көмектеседі. Микротолқын режимі қолданылмайды. Температураны қажетіне орай, 6 алдын ала орнатылған деңгейде, 40 °C градустан 200 °C градусқа дейін орнатуға болады. Ең көп пісіру уақыты 90 минут.

Егер пешті Жылдам қыздыру керек болса, 22-ші беттегі ақпаратты қараңыз.

Пештің ішіндегі ыдыстар өте ыстық болатындықтан, оларды әрқашан қолғап киіп ұстаңыз.

Егер астыңғы торды қолдансаңыз, пісіру және қызарту нәтижелері жақсырақ болуы мүмкін.

Қыздырғыш элементтің көлденең қалыпта және бұрылмалы табақтың өз орнында тұрғанына көз жеткізіңіз. Есікті ашып, тағамды астыңғы торға қойып бұрылмалы табаққа салыңыз.

1. Режим таңдайтын тетік тетігін Конвекция () режиміне қойыңыз.

Нәтижесі: Дисплейде келесі белгілер көрсетіледі:

(конвекция режимі)

200 °C (температура)

2. температураны орнату үшін Көп функция таңдайтын тетік тетігін бұрау. Осы кезде температураны таңдау үшін Көп функция таңдайтын тетік тетігін басыңыз.

(Температура: 200, 180, 160, 140, 100, 40 °C)

3.Пісіру уақытын Көп функция таңдайтын тетік тетігін

бұрап орнатыңыз.

4.Start/+30s ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Тағам пісе бастайды:

• Тағамды пісіріп болғаннан кейін пештен сигнал естіледі де, "0" 4 рет

жыпылықтайды. Содан кейін пеш минутына бір рет сигнал береді.

ГРИЛЬ ЖАСАУ

Гриль тағамды микротолқынды қолданбай тез қыздырып, қызартуға көмектеседі.

Пештің ішіндегі ыдыстар өте ыстық болатындықтан, оларды әрқашан қолғап киіп ұстаңыз.

Егер үстіңгі торды қолдансаңыз, пісіру және гриль жасау нәтижелері жақсырақ болуы мүмкін.

1. Есікті ашып, тағамды тордың үстіне қойыңыз.

2. Режим таңдайтын тетік тетігін Гриль () режиміне қойыңыз.

Нәтижесі: Дисплейде келесі белгілер көрсетіледі: (гриль режимі)

Гриль температурасын орната алмайсыз.

3.Гриль жасау уақытын Көп функция таңдайтын тетік

тетігін бұрап орнатыңыз.

Ең көп гриль жасау уақыты 60 минут.

4.Start/+30s ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Гриль жасала бастайды.

• Тағамды пісіріп болғаннан кейін пештен сигнал естіледі де, "0" 4 рет

жыпылықтайды. Содан кейін пеш минутына бір рет сигнал береді.

Казақ - 32

CE118PTR-X_BWT_DE68-04220P-04_KK.indd 32

2014-07-16 ￿￿ 4:18:55

Page 128
Image 128
Samsung CE118PTR-X/BWT Конвекция Режимі Бойынша Пісіру, Гриль Жасау, Режим таңдайтын тетік тетігін Гриль режиміне қойыңыз