Құрылғыны тиындар, кілттер және алқа сияқты металл заттармен бірге сақтамаңыз

Құрылғы корпусы сызылуы немесе оның дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Батарея ұштары металл затқа тисе, өрт шығуы мүмкін.

Құрылғыңызды магнитті өрістер жанында сақтамаңыз

Құрылғыңыз істемей қалуы мүмкін немесе батарея магнитті өрістерден зарядсыздануы мүмкін.

Магнитті жолақты карталар, оның ішінде несие карталары, телефон карталары, банк есепайырысу кітапшасы және қону талоны магнитті өрістер әсерінен зақымдалуы мүмкін.

Магниттік қабығы бар қораптарды немесе көмекші құралдарды пайдаланбаңыз немесе құрылғыны магниттік өрісте ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.

Құрылғыңызды қыздырғыштардың, қысқа толқынды пештердің, ысытып пісіретін жабдықтың немесе жоғары қысымды контейнерлердің жанында не ішінде сақтамаңыз

Батарея ағып кетуі мүмкін.

Құрылғыңыз қатты қызып кетіп, өрт шығаруы мүмкін.

Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға соққы тигізбеңіз

Құрылғыңыздың экраны зақымдалуы мүмкін.

Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не бөлшектері істемей қалуы мүмкін.

Құрылғы шамадан тыс қызып кетсе, құрылғы мен қосымшаларды біраз уақыт пайдаланбай қоя тұрыңыз

Теріңізге шамадан тыс қызып кеткен құрылғы ұзақ уақыт бойы әсер етсе, қызыл дақтар немесе пигменттер сияқты төменгі температура күйігі белгілері пайда болады.

Егер құрылғыңызда камера немесе шам болса, оны адамдардың немесе жануарлардың көздеріне жақын пайдаланбаңыз

Жарқылды көзге жақын пайдаланудан уақытша көрмей қалуы немесе көздеріне зиян келуі мүмкін.

Қазақ тілі

239