Микротолқын режимін пайдалану

Микротолқынмен пісіру кезінде тағамды пісіру үшін жоғары жиіліктегі толқындар пайдаланылады. Толқындар тағамның құрамындағы молекулаларды жылдам қозғалтып, нәтижесінде үйкеліс пайда болып, одан пайда болған қуаттың көмегімен тағам піседі.

Микротолқын режимінде бірінші деңгейде керамика науаны пайдаланыңыз.

Микротолқын режимін орнату

1.РЕЖИМ түймешігін бір рет басыңыз.

Дисплейде уақыт және қуат деңгейі (әдепкі: 800 Вт) пайда болады.

2.Қажетті пісіру уақытын орнату үшін ЖОҒАРЫ немесе

ТӨМЕН түймешіктерін басыңыз. Ең көп пісіру уақыты 90 минут.

3.Қуат деңгейін өзгерту үшін ТӨМЕН түймешігін

басып, содан кейін қажетті қуат деңгейін орнату үшін ЖОҒАРЫ немесе ТӨМЕН түймешіктерін басыңыз.

4.Тағам пісіре бастау үшін БАСТАУ түймешігін басыңыз.

Казақ - 23

ек Пештіпайдалану04іс

NQ50H5537KB_WT_DE68-04306A-00_KK.indd 23

2014-10-07 �� 10:33:15

Page 143
Image 143
Samsung NQ50H5537KB/WT manual Микротолқын режимін пайдалану, Микротолқын режимін орнату