Алғаш қолданғанда түтін және жағымсыз иіс шығады.

Бұл жаңа құралас қыздырғыш элементке байланысты уақытша байқалатын жағдай. Түтін және иіс 10 минут пайдаланғаннан кейін толығымен жойылады.

Иісті барынша жылдам кетіру үшін микротолқынды пешті лимон немесе лимон шырынын салып іске қосыңыз.

Тоқ орнатылған уақыт аяқталмай тұрып сөніп қалады.

Тоқ сөніп қалған болуы мүмкін. Егер тоқ сөніп қалса, уақыт индикаторы пайда болады: 88:88.

Сағатты және кез келген пісіру нұсқауларын бастапқы қалпына келтіріңіз.

Қосқышты бастапқы қалпына қойыңыз немесе жанып кеткен сақтандырғышты ауыстырыңыз.

Пештің орнату нұсқауларына сай дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

Тағам қатты пісіп кеткен немесе шала піскен.

Тағамның түріне қарай тағам пісіру уақытының дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

Қуат деңгейінің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

Тағам мүлде піспеген.

Есіктің мықтап жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.

Таймердің дұрыс орнатылғанына және/немесе бастау түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.

Қосқышты бастапқы қалпына қойыңыз немесе жанып кеткен сақтандырғышты ауыстырыңыз.

Пештің ішінде жарқыл және сытыр (электр жарқылы) пайда болады.

Темір ыдыстарды немесе темір бекітпелерді алыңыз.

Жұқалтырды пайдалансаңыз, оны жіңішке таспа түрінде ғана пайдаланыңыз және жұқалтыр мен пештің ішкі қабырғаларының арасына кемінде бір дюйм орын қалдырыңыз.

Іске қолдану барысында өте қатты шуыл естіледі.

Пеш жұмыс жасап тұрған кезде шуыл естіледі. Бұл қалыпты жағдай.

Егер әдеттен тыс шуыл ұзақ уақыт естілсе, Samsung байланыс орталығына хабарласыңыз.

Пеш радио немесе теледидарға бөгеуіл жасайды.

Пеш жұмыс істеп тұрған кезде теледидар мен радиода аздаған бөгеуіл пайда болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Бұндай бөгеуілді азайту үшін, пешті теледидар, радио және антеннадан алыс орнатып көріңіз.

Пештің микропроцессоры бөгеуіл барын анықтаса, дисплей бастапқы қалпына келуі мүмкін. Бұл ақаулықты түзету үшін ашаны розеткадан суырыңыз да, қайта жалғаңыз. Уақытты қайта орнатыңыз.

Жарықтама шамы жанбай тұр.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында шамды пайдаланушы ауыстырмауға тиіс.

Жақын жердегі Samsung тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласып, шамды ауыстырту үшін уәкілетті маманды шақыртыңыз.

Казақ - 56

NQ50H5537KB_WT_DE68-04306A-00_KK.indd 56

2014-10-07 �� 10:33:20

Page 176
Image 176
Samsung NQ50H5537KB/WT Алғаш қолданғанда түтін және жағымсыз иіс шығады, Тоқ орнатылған уақыт аяқталмай тұрып сөніп қалады