ақаулық себептерін анықтау және ақпарат коды

Микротолқынды пешті сақтау және жөндеу

Жөндеу жұмыстарын тек білікті қызмет көрсету технигі жүзеге асыруға тиіс.

Пешке күтім көрсету қажет болса, пешті электр желісінен ағытып алыңыз да, SAMSUNG қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде төмендегі ақпараттар даяр тұрсын:

Үлгі нөмірі және сериялық нөмірі (пеш есігінің ішкі жағынан қарауға болады)

Кепілдікке қатысты толық ақпарат

Ақаулықтың қысқа да нұсқа сипаттамасы

Пешті уақытша сақтап қою қажет болса оны, шаң мен ылғал құрылғыны бүлдірмес үшін таза, құрғақ жерге

қойыңыз.

Ақаулық себептерін анықтау

Пеште ақаулық пайда болса, төмендегі нұсқауларға сүйеніп, өзіңіз шешіп көруге тырысыңыз. Бұл нұсқаулар уақытыңызды үнемдеп, артық қоңырау шалудың алдын алуға көмектесуі мүмкін.

Пештің дисплейі де, өзі де жұмыс істемейді.

Ашаның жерге тұйықталған розеткаға дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.

Егер қабырғадағы розетка қабырғадағы қосқыш арқылы басқарылса, қосқыштың қосулы тұрғанына көз жеткізіңіз.

Ашаны розеткадан суырып, он секунд күтіп, содан кейін қайта қосыңыз.

Қосқышты бастапқы қалпына қойыңыз немесе жанып кеткен сақтандырғышты ауыстырыңыз.

Пешті басқа розеткаға қосыңыз.

Розеткаға басқа құрылғыны қосып көріңіз. Егер басқа құрылғы іске қосылмаса, қабырғадағы розетканы жөндету үшін білікті электр маманын шақыртыңыз.

Пештің дисплейі жұмыс істейді, бірақ тоқ қосылмай тұр.

Есіктің мықтап жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.

Есіктің тығыздағышына орам материалы немесе басқа кез келген заттың қыстырылып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Есікке зақым келген-келмегенін тексеріңіз.

Cancel (Болдырмау) түймешігін екі рет басып, барлық пісіру нұсқауларына кіріңіз.

Бастау түймешігін басқанда пеш іске қосылмайды.

Есіктің толық жабылғанына көз жеткізіңіз.

Казақ - 55

АНЫҚТАУ Б СЕЕПТЕРІН

05АҚАУЛЫҚТЫҢ

NQ50H5537KB_WT_DE68-04306A-00_KK.indd 55

2014-10-07 �� 10:33:20

Page 175
Image 175
Samsung NQ50H5537KB/WT manual Ақаулық себептерін анықтау және ақпарат коды, Микротолқынды пешті сақтау және жөндеу