Микротолқынды пешті тазалау

Микротолқынды пештің келесі бөлшектерін май және тағам қалдықтары жиналып қалмас үшін мерзімді түрде тазалап отыру керек:

Ішкі және сыртқы беттері

Есігі және тығыздағыштары

Бұрылмалы табақ және айналмалы шығырықтар (Бұрылмалы табағы бар үлгілерге ғана арналған)

Есік тығыздағыштарының таза екенін, әрі есіктің дұрыс жабылатын-жабылмайтынын ӘРҚАШАН тексеріп отырыңыз.

Пешті таза ұстамасаңыз, оның бетінің сапасы кетіп, уақытынан бұрын істен шығып, қатерлі жағдайлар орын алуы мүмкін.

1.Сыртқы беттерін жұмсақ шүберекпен, жылы әрі сабынды сумен жуыңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.

2.Пештің ішіндегі қалдықтар мен дақтарды сабынды суға батырылған шүберекпен тазалаңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.

3.Қатып қалған тағам қалдықтарын жұмсарту және жағымсыз иісті кетіру үшін, бір кесе сұйылтылған лимон шырынын пештің ішіне қойыңыз да, қуатты ең үлкен мәнге қойып он минут қыздырыңыз.

4.Ыдыс жуғыш машинада жууға болатын табақты қажет кезде жуыңыз.

Саңылауларға су ШАШЫРАТПАҢЫЗ. Жеміргіш заттар немесе химиялық еріткіштерді ЕШҚАШАН қолданбаңыз.

Есіктің тығыздағыштарын тазалағанда келесіні ескеріңіз:

Ешбір қоқыс жиналып қалмасын

Қоқыс есіктің жабылауына кедергі жасамасын

Микротолқынды пештің ішін әр қолданып болған сайын жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз, бірақ жарақаттанып қалмас үшін микротолқынды пешті тазалардың алдында әрқашан салқындатыңыз.

Пештің төбесін ішкі жағынан тазалау үшін қыздырғыш элементті 45° градусқа төмен түсіріп қойған ыңғайлы болады.

(Тербелмелі қыздырғышы бар үлгілер ғана)

Казақ - 11

ктуралы 01ақпаратқауіпсізді

NQ50H5537KB_WT_DE68-04306A-00_KK.indd 11

2014-10-07 �� 10:33:06

Page 131
Image 131
Samsung NQ50H5537KB/WT manual Микротолқынды пешті тазалау, Есіктің тығыздағыштарын тазалағанда келесіні ескеріңіз