Қауіпсіздік нұсқаулары

Қауіпсіздік нұсқаулары

ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қол жететін бөлшектері қызып тұруы мүмкін. Жас балаларды алыс ұстау керек.

Құрылғыны бумен тазалағышты пайдаланып тазалауға болмайды. Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі олар ысып кетуі мүмкін.

Қолданып болғаннан кейін, пеш үстінің қыздырғыш элементін тиісті басқару тетігін қолданып сөндіріңіз, оны ыдыс анықтағыш құралға сеніп қалдырмаңыз.

Түрпілі тазалағыш заттарды немесе өткір металл қырғыштарды пеш үстінің шынысын тазалау үшін пайдаланбаңыз, себебі шыныға сызат түсіп, шытынап кетуі мүмкін.

Бұл құрылғы жеке тұрған таймер немесе қашықтан басқару құралының көмегімен басқарылмайды.

ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін бөліктері, құрылғыны іске қосқан кезде қызып тұрады. Пеш үстінің ішкі қыздырғыш элементтеріне қол тиіп кетпес үшін абай болу керек. 8 жасқа толмаған балаларды, үнемі байқап отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.

Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқандар ғана қолдануға тиіс және кембағал, сезім жүйесі дамымаған немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар құрылғыны қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алса немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс. Балалар үлкендердің қарауынсыз тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын орындамауға тиіс.

ЕСКЕРТУ:Пешке тоңмай немесе сұйық майды пайдаланып пісіргенде қараусыз қалдырмаңыз, өрт шығуы мүмкін.

Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет етпеңіз, құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды қақпақпен немесе көрпемен жабыңыз.

ЕСКЕРТУ:Өрт қатері бар: тағам пісірілетін бетке зат сақтамаңыз.

ЕСКЕРТУ: Тағам пісіретін құрылғылардың өндірушілері жасаған пеш қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сәйкес келмейтін қорғағыштарды қолдансаңыз, оқыс жағдай орын алуы мүмкін.

Құрылғының қол жететін беттерінің температурасы құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде жоғары болуы мүмкін.

Құрылғыны және оның қорек сымын 8 жасқа толмаған балалардан алыс ұстаңыз.

4 Казақ

NZ64K5747BK_WT_DG68-00798A-00_RU+UK+KK+UZ.indb 4

4/12/2016 10:40:05 AM

Page 60
Image 60
Samsung NZ64K5747BK/WT manual ЕСКЕРТУӨрт қатері бар тағам пісірілетін бетке зат сақтамаңыз