Нұсқаулықты қолдану

Құрылғыны пайдалану алдында, осы пайдаланушы нұсқаулығын, соның ішінде келесі тарауда берілген қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты ақпаратты мұқият оқыңыз. Осы нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін сақтап қойыңыз. Құрылғыны басқа адамға берсеңіз, оның нұсқаулығын да жаңа иеленушіге қоса беруді ұмытпаңыз.

Осы пайдаланушы нұсқаулығында келесі белгілер қолданылған:

ЕСКЕРТУ

Ауыр жарақат немесе өлімге әкелетін қатерлі жағдайлар немесе қауіпті әрекеттер.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Кішігірім жарақат немесе мүлікке зиян келтіретін қатерлі жағдайлар немесе қауіпті әрекеттер.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Пештің үстін іске қосқан кезде өрт, жарылыс шығу, электр қатеріне ұрыну немесе адамды жарақаттайтын жағдайлар орын алмас үшін осы негізгі қауіпсіздік шараларын орындаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Пайдаланушыларға құрылғыны қолдану кезінде көмек болатын пайдалы кеңестер, ұсыныстар немесе ақпарат.

Қауіпсіздік нұсқаулары

Осы құрылғының сақтық шаралары, қолданыстағы техникалық және қауіпсіздік стандарттарының барлығына сай келеді. Дегенмен, өндіруші ретінде сіздерді келесі сақтық шараларымен таныстыруды өз міндетіміз деп санаймыз.

ЕСКЕРТУ

Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға арналмаған. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.

Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек. Қорек сымына зақым келсе, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны өндіруші, өндірушінің уәкілетті агенті немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.

Құрылғыны орнатып болғаннан кейін оны электр желісінен ағыту мүмкін болуға тиіс. Құрылғыны желіден ағыту үшін оның ашасы қол жететін жерде тұруға тиіс немесе сымға қолданыстағы ережеге сай айырып-қосқыш орнатылуға тиіс.

ЕСКЕРТУ: Пештің үстінде сызат пайда болса, электр қатеріне ұшырамас үшін құрылғыны сөндіріп қойыңыз.

Құрылғы іске қосылып тұрғанда қызып кетеді. Пеш үстінің ішкі қыздырғыш элементтеріне қол тиіп кетпес үшін абай болу керек.

қолдану Нұсқаулықты

Казақ 3

NZ64K5747BK_WT_DG68-00798A-00_RU+UK+KK+UZ.indb 3

 

 

4/12/2016 10:40:05 AM