Қауіпсіздік нұсқаулары

Қауіпсіздік нұсқаулары

Қатты қызған тоңмай және өсімдік майы тез от алып кетуі мүмкін. Тоңмай немесе өсімдік майын қолданып тағам пісіргенде, мысалы фри тағамын қуырғанда, пештің үстін қараусыз қалдырмаңыз.

Қолданып болғаннан кейін пісіру алаңдарын сөндіріңіз. Басқару панельдерін әрқашан таза, әрі құрғақ ұстаңыз.

Пештің үстіне ешқашан тұтанғыш зат қоймаңыз, өрт шығуы мүмкін. Құрылғыны байқап қолданбасаңыз, күйіп қалуыңыз мүмкін. Электр құрылғыларының сымдарын, пештің қызып тұрған үстіне немесе ыстық ыдыстарға тигізбеу керек.

Пештің үстін киім кептіру үшін қолданбаңыз.

Кардиостимуляторы және жүрек имплантанттары бар адамдар, қосылып тұрған индукциялық пісіру алаңдарынан денесінің жоғарғы жағын кемінде 30 см алыс ұстауы керек. Егер күмәндансаңыз, осындай құралдарды өндірушіге немесе өз дәрігеріңізге хабарласыңыз.

(Индукциялық пеш үлгісіне ғана арналған)

Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз.

Тазалардың алдында құрылғыны әрқашан сөндіріңіз.

Пештің үстін осы нұсқаулықта көрсетілген тазалау және күтім көрсету нұсқауларына сай тазалаңыз.

6 Казақ

Орам материалдарын тастау

ЕСКЕРТУ

Құрылғыны орау үшін қолданылған материалдардың барлығын, түгел қайта өңдеуге болады. Тақталар мен қатты көбік текшелер тиісті белгімен белгіленген. Орам материалдары мен ескі құрылғыларды, қауіпсіздік нұсқаулары мен қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып тастау керек.

Ескі құрылғыны дұрыс тастау

ЕСКЕРТУ

Ескі құрылғыларды тастарда, қатерлі жағдай туғызуға себеп болмас үшін мүлдем жарамсыз етіп тастау керек. Бұлай істеу үшін, білікті техникті шақыртып, құрылғыны желіден ағытып, қорек сымын ажырату керек.

Құрылғыны тұрмыстық қалдық тасталатын жерге тастауға болмайды. Қалдықтарды жинау және тұрмыстық қалдықтан басқа қалдықтар тасталатын жер туралы ақпаратты, жергілікті мекеме немесе әкімшіліктен алуға болады.

NZ64K5747BK_WT_DG68-00798A-00_RU+UK+KK+UZ.indb 6

4/12/2016 10:40:05 AM

Page 62
Image 62
Samsung NZ64K5747BK/WT manual Орам материалдарын тастау, Ескі құрылғыны дұрыс тастау