ЕСКЕРТПЕ

Сол және оң жақ пісіру алаңдарында бір ғана ыдысты пайдаланбаңыз.

Сенсорлық түймешіктерді қолдану

Сенсорлық түймешіктерді қолдану үшін, тиісті бейнебет жанғанша немесе сөнгенше немесе қажетті функция іске қосылғанша қажетті панельге саусағыңыздың ұшын тигізіңіз.

Құрылғыны іске қосарда, тек бір сенсорлық панельді ғана басыңыз. Егер панельге саусағыңызды түгел тигізсеңіз, жақын тұрған сенсорлық алаң да іске қосылып кетуі мүмкін.

Құрылғыны іске қосу

Құрылғы Қосу/Сөндіру сенсорының көмегімен қосылады.

Қосу/Сөндіру сенсорлық түймесін шамамен 1~2 секунд басыңыз. Сандық дисплейде пайда болады.

ЕСКЕРТПЕ

Қосу/Сөндіру сенсорлық түймесін құрылғыны қосу үшін басқаннан кейін, қызу параметрін шамамен 20 секунд ішінде таңдау керек. Бұлай істемегенде, құрылғы қауіпсіздікті сақтау үшін өздігінен сөніп қалады.

Пісіру алаңы мен қызу параметрін таңдау

1.Пісіру алаңын таңдау үшін, қосқыңыз

келген пісіру алаңының сенсорлық түймесін түртіңіз.

2.Қуат деңгейін орнату және реттеу үшін

Қызу параметрінің сенсорын басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Пісіру алаңын таңдаған кезде әдепкі деңгей 15-те тұрады.

ЕСКЕРТПЕ

Егер бірнеше сенсорлық түйме 8 секундтан артық басылып қалса, қызу параметрінің дисплейінде пайда болады.

Казақ 17

Пешті пайдалану

NZ64K5747BK_WT_DG68-00798A-00_RU+UK+KK+UZ.indb 17

4/12/2016 10:40:08 AM

Page 73
Image 73
Samsung NZ64K5747BK/WT manual Сенсорлық түймешіктерді қолдану, Құрылғыны іске қосу, Пісіру алаңы мен қызу параметрін таңдау