қызмет және Кепілдік

Кепілдік және қызмет

Пісіру алаңы іске қосылмаса немесе сөнбесе қандай шара қолдануым керек?

Бұған төмендегілердің бірі себеп болуы мүмкін:

Басқару панелін жартылай дымқыл шүберек немесе аққан сұйық жауып қалған.

Бала қауіпсіздігінің құралы қосылған және дисплейде "L" пайда болады.

Егер дисплейі жанса не істеуім керек?

Төмендегіні тексеріңіз:

Басқару панелін жартылай дымқыл шүберек немесе аққан сұйық жауып қалған.

Бастапқы қалпына қою үшін Қосу/Сөндіру сенсорын басыңыз.

Басқару панеліне сұйық зат құйылса, сұйықтықты сүртіңіз.

Егер дисплейі жанса не істеуім керек?

Төмендегіні тексеріңіз:

Дұрыс жұмыс істемей тұрғандықтан пештің үсті қатты қызып кеткен.

Пеш суығаннан кейін бастапқы қалпына қою үшін Қосу/Сөндіру сенсорын басыңыз.

Егер дисплейі жанса не істеуім керек?

Төмендегіні тексеріңіз:

Пісіру алаңына жарамсыз немесе тым кішкене ыдыс қойылған немесе ешбір ыдыс қойылмаған.

Егер жарамды ыдысты қолдансаңыз, көрсетілген хабар автоматты түрде көрінбей қалады.

Пештің үстін сөндіргеннен кейін салқындатқыш жұмыс істесе қандай шара қолдану керек?

Төмендегіні тексеріңіз:

Пештің үстін қолданып болғаннан кейін, салқындатқыш салқындату үшін жұмыс істеп тұрады.

Пештің электроникалық бөлшектері суығаннан кейін немесе макс. уақыт (10 мин) өткеннен кейін желдеткіш сөнеді.

Құрылғының жұмысына қатысты ақпарат көрсетіліп, қызмет көрсету орталығына хабарлассаңыз, кепілдік мерзімі аяқталмаса да техниктің келуі ақылы болуы мүмкін.

26 Казақ

Қызмет көрсету

Көмек алу немесе қызмет көрсету орталығына хабарласу алдында “Ақаулықты түзету” тарауын қараңыз. Егер әлі де көмек қажет болса, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.

Бұл техникалық ақау ма?

Егер солай болса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Әрқашан хабарласу алдында алдын ала дайындалыңыз. Бұл ақаулық себебін анықтауды жеңілдетеді, сондай-ақ қызмет көрсету орталығының технигін жіберу немесе жібермеу туралы шешім қабылдауға көмектеседі.

Төмендегі деректі жазып алыңыз.

Мәселе қалай орын алады?

Мәселе қандай жағдайларда орын алады?

Телефон шалған кезде, құрылғының үлгі нөмірін және сериялық нөмірін білуіңіз керек. Бұл дерек техникалық ақпарат тақтайшасында төмендегідей көрсетіледі:

Үлгі сипаттамасы

S/N коды (15 сан)

Біз бұл деректер әрқашан дайын тұруы үшін, осы жерге жазып қоюды ұсынамыз.

Үлгі:

Сериялық нөмірі:

Қандай жағдайларда, тіптен құрылғының кепілдік мерзімі аяқталмаса да сіз төлемақы төлеуіңіз қажет?

Ақаулықты “Ақаулықты түзету” тарауында берілген кеңестердің бірін қолданып өзіңіз жөндесеңіз.

Егер қызмет көрсету орталығының технигі, сіз техник келерден бұрын берген ақпарат жеткіліксіз болғандықтан бірнеше рет қоңырау шалса, нәтижесінде бөлшектерді әкелу үшін бірнеше рет жол жүрсе. Телефон шалар алдында жоғарыда көрсетілгендей дайындалсаңыз, бұндай жолақы төлемін төлемейсіз.

NZ64K5747BK_WT_DG68-00798A-00_RU+UK+KK+UZ.indb 26

 

 

4/12/2016 10:40:12 AM