Пешті пайдалану
Ең алғаш рет тазалау
Пештің керамика бетін, дымқыл шүберек пен керамика пісіру беттерін тазалағыш құралмен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ
Жеміргіш немесе түрпілі тазалағыш заттарды қолданбаңыз. Пештің бетіне нұқсан келуі мүмкін.
Индукция пешіне арналған ыдыстар
Табаны магнитті ыдысты пісіру алаңдарының біріне қойғаннан кейін ғана индукция пешін қосуға болады. Келесі жарамды ыдыстарды қолдануға болады.
Ыдыстың материалы
Ыдыстың материалы | Жарамды |
Болат, эмальмен қапталған | Иә |
Құйылған шойын | Иә |
Тоттанбайтын болат | Егер өндірушісі жарамды деп көрсетсе |
Алюминий, мыс, сары мыс | Жоқ |
Шыны, керамика, фарфор | Жоқ |
ЕСКЕРТПЕ
Индукция пешіне жарамды ыдыстарды, өндіруші ыдыстың затбелгісінде көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ
Индукциялық пісіру алаңдарында пайдаланғанда, пісірген кезде шуыл пайда болуы мүмкін. Бұл қалыпты шуыл.
ЕСКЕРТПЕ
Болат емес ыдыстардың, болат ыдыстарға қарағанда өткізгіштігі төмен. Болат емес ыдыстарды пайдаланғанда пісіру уақыты ұзарады.
Жарамдылығын анықтау
Егер магнит ыдыстың түбіне жабысып қалса және ыдыс өндіруші ыдысқа оның жарамдылығы көрсетілген жапсырма жапсырса, ыдыс индукциямен пісіруге жарамды болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ
Индукциялық пісіру алаңы түсті металдан жасалған, табанының жиегі магнитке жабыспайтын немесе табаны темірмен қапталған түсті металдан жасалған ыдыстарды пайдаланғанда дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Казақ 15
Пешті пайдалану
4/12/2016 10:40:08 AM