Аталған өнімді дұрыс пайдалану (Электр қуатын шығындау және Электрондық жабдық)
(Жеке қоқыс жинайтын жүйесі бар елдерге қатысты) Өнімдегі, акцессуардағы немесе нұсқаулықтағы бұл таңбалау өнімді және оның электрондық аксессуарларын (мысалы, қуат беру құрылғысын, құлаққаптың, USB кабелін), олардың қызмет ету мерзімі өткен соң, үйде басқа мақсатта пайдалануға болмайтындығын білдіреді. Қалдықтардың бақыланбайтын пайдаланылуынан қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зиян келтірудің алдын алу үшін бұл заттарды басқа қалдық түрлерінен бөлек алып қойыңыз және оларды материалдық ресурстарды екінші рет пайдалану үшін қолданыңыз.
Үйде пайдаланушылар экологиялық қауіпсіз түрде қайта өңдеу үшін осы өнімді қай жерден және қалай алуға болатынын анықтау мақсатында, осы өнімді сатып алған жердегі ретейлермен немесе оның жергілікті кеңсесімен хабарласуы тиіс.
Іскерлік пайдаланушылар
Пешті орнату
ЕСКЕРТУ
Құрылғыны міндетті түрде білікті электрик тиісті түрде орнатып, жерге қосуға тиіс. Осы нұсқауды орындауды өтінеміз. Құрылғыны теріс орнату нәтижесінде орын алған ақаулықтардің ешқайсысы кепілдік шарты бойынша қарастырылмайды.
Техникалық ақпарат осы нұсқаулықтың соңында берілген.
Орнатушыға арналған қауіпсіздік нұсқаулары
•Электр желісінде құрылғыны электр желісінен ажырататын, барлық полюстарда контакттарының арасы кем дегенде 3 мм түйіспесі бар ажыратқыш құрал болуға тиіс. Жарамды ажыратқыш құралдардың қатарына
электр ағысынан сақтандырғыштар мен контакт құралдары жатады.
•Бұл құрылғы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша EN 60335 - 2 - 6
стандартына сай келеді. Бұндай құрылғы түрін биік жиһазға немесе бір жағын қабырғасы бар жерге орнату керек.
•Құрылғыны электр қатерінен сақтандырып орнату керек.
•Құрылғы орнатылатын ас үй жиһазы, DIN 68930 стандартының орнықтылыққа қойылатын талаптарына сай келуге тиіс.
•Ылғалдан сақтандыру үшін, кесілген беттердің барлығын тиісті материалмен бітеу керек.
•Қыш тақта орнатылған жерге пештің үстін қою үшін, пеш қойылатын жерді тұтастай толтырмамен толтыру керек.
•Табиғи, жасанды тас немесе керамика беттерге орнату үшін, серіппелер орнатылған жерді, жасанды резеңке немесе аралас желіммен желімдеу керек.
•Желімделген жердің жұмыс алаңына нығыз орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Қосымша силикон желімді қолдануға болмайды; себебі құрылғыны жөндеу кезінде алу қиынға соғады.
•Пештің үстін, астыңғы жұмыс алаңынан алу үшін басу керек.
•Пештің астына тақта орнатуға болады.
•Жұмыс алаңы мен астыңғы құрылғының алдыңғы жағындағы жел шығатын саңылау тұмшаланып қалмауға тиіс.
Казақ 7
Пешті орнату
4/12/2016 10:40:05 AM