АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Құрылғыны міндетті түрде білікті электрик орнатып, жерге қосуға тиіс. Құрылғыны тек білікті қызмет көрсету технигі ғана жөндеуге тиіс. Құрылғыны тиісті маманы жоқ адамдар жөндесе, жарақат алуы немесе елеулі ақаулық орын алуы мүмкін. Егер құрылғыңызды жөндеу қажет болса, жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл нұсқаулар орындалмаса, мүлікке зиян келуі және кепілдік заңды күшінен айырылуы мүмкін.

Кіріктіріліп орнатылатын құрылғыларды, тиісті стандарттарға сай келетін қаптама немесе жұмыс алаңына орнатып болғаннан кейін ғана іске қосу керек. Бұл электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету стандартында көрсетілгендей, электр құралас бөлшектеріне тиіп кетуден жеткілікті түрде қорғайды.

Егер құрылғыңыз дұрыс жұмыс істемесе немесе оның бетінде сызат, жарық пайда болса:

барлық пісіру алаңдарын сөндіріңіз;

пештің үстін электр желісінен ағытыңыз да;

жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Пештің үстінде сызат пайда болса, электр қатеріне ұшырамас үшін құрылғыны сөндіріп қойыңыз. Пештің үстін, оның шыны бетін ауыстырмайынша қолданбаңыз.

Пештің үстін алюминий фольганы, алюминий фольгаға оралған тағамды немесе алюминий ыдысқа салынған мұздатылған тағамды ысыту үшін қолданбаңыз.

Ыдыстың табаны мен пеш үстінің арасындағы сұйықтан бу қысымы пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты ыдыс орнынан жылжып кетуі мүмкін.

Пештің үсті мен ыдыс табанының әрқашан құрғақ болуын қамтамасыз етіңіз.

Тағам пісіру барысында пісіру алаңдары қызып кетеді. Кішкене балаларды әрқашан құрылғыдан алыс ұстаңыз.

Орам материалдарының барлығын баланың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі орам материалдары балалар үшін қауіпті.

Бұл құрылғы тек үйде тағам пісіруге және қуыруға арналған. Бұл құрылғы коммерциялық мақсатта немесе өнеркәсіпте қолдануға арналмаған.

Пештің үстін ешқашан бөлме жылыту үшін қолданбаңыз.

Пеш үстінің жанында орналасқан розеткаларға электр құрылғыларын жалғаған кезде абай болыңыз. Электр сымдары пісіру алаңына тиіп тұрмауға тиіс.

Казақ 5

Қауіпсіздік нұсқаулары

NZ64K5747BK_WT_DG68-00798A-00_RU+UK+KK+UZ.indb 5

4/12/2016 10:40:05 AM

Page 61
Image 61
Samsung NZ64K5747BK/WT manual Абай Болыңыз, Казақ 5