функциялары мен Бөлшектері

Бөлшектері мен функциялары

Автоматты сөндіру

Егер пісіру алаңдарының бірі іске қосылмаса немесе көп уақыт өткеннен кейін қызу параметрі реттелмесе, сол пісіру алаңы автоматты түрде сөніп қалады.

Кез келген қалдық қызу, тиісті пісіру алаңдарына тиесілі сандық дисплейде , (“ыстық”) белгішесі арқылы көрсетіледі.

Пісіру алаңы келесі уақыттарда өздігінен сөніп қалады.

Қызу параметрі

Сөндіру

1-3

6 сағаттан кейін

4-6

5 сағаттан кейін

7-9

4 сағаттан кейін

10-15

1,5 сағаттан кейін

ЕСКЕРТПЕ

Егер пештің үсті теріс іске қосылғандықтан қызып кетсе көрсетіледі. Содан кейін пештің үсті сөніп қалады.

ЕСКЕРТПЕ

Егер пісіру алаңына жарамсыз немесе тым кішкене ыдыс қойылса не мүлдем ыдыс қойылмаса, көрсетіледі.

1 минуттан кейін тиісті пісіру алаңы сөнеді.

ЕСКЕРТПЕ

Пісіру алаңдарының бірі немесе бірнешеуі, көрсетілген уақыттан бұрын сөнсе, “Ақаулықты түзету” тарауын қараңыз.

Пісіру алаңдарының басқа да автоматты түрде сөніп қалу себептері

Егер сұйық тасып, басқару панеліне төгілсе, пісіру алаңдарының барлығы сөніп қалады.

Егер дымқыл шүберекті басқару панеліне қойсаңыз да, автоматты түрде сөндіру функциясы іске қосылады. Осы екі жағдайдың екеуінде де, төгілген сұйықты сүртіп, дымқыл шүберекті алғаннан кейін, құрылғыны негізгі Қосу/Сөндіру сенсорлық түймесін қолданып қайта іске қосу керек.

14 Казақ

Қалдық қызу индикаторы

Жеке пісіру алаңы немесе пештің үсті сөндірілгеннен кейін, қалдық қызудың бар- жоғы, тиісті пісіру алаңдарының дисплейінде , (“ыстық”) белгішесі арқылы көрсетіледі. Тіптен пісіру алаңын сөндіргеннен кейін, қалдық қызу индикаторы, тек пісіру алаңы суығаннан кейін ғана сөнеді.

Қалдық қызуды тағамды жібіту немесе жылы ұстау үшін қолдануыңызға болады.

ЕСКЕРТУ

Қалдық қызу индикаторы жанып тұрса, күйіп қалу қаупі бар деген сөз.

ЕСКЕРТУ

Егер тоқ өшіп қалса, , белгішесі көрінбей кетеді де, қалдық қызу туралы ақпарат көрсетілмейді.

Дегенмен, әлі де күйіп қалу қаупі бар болуы мүмкін. Пеш үстіне жақын тұрғанда әрқашан абай болсаңыз, бұндай жағдай орын алмайды.

Температураны анықтау

Егер қандай да бір себепке байланысты пісіру алаңдарының бірінің температурасы қауіпсіз температура деңгейінен асайын деп тұрса, немесе асып кетсе, онда пісіру алаңы температураны автоматты түрде төмен қуат мәніне дейін азайтады.

Пешті қолданып болғаннан кейін, желдеткіш пеш үстінің электроникасы суығанша жұмыс істеп тұрады. Желдеткіш электроникалық бөлшектердің температурасына қарай сөнеді.

NZ64K5747BK_WT_DG68-00798A-00_RU+UK+KK+UZ.indb 14

 

 

4/12/2016 10:40:07 AM