Жұмысты бастау

Жұмысты бастамас бұрын оқыңыз

Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.

Суреттер нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін. Мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Мультимедиалық док-станцияны Android 8.0 немесе одан кейінгі нұсқалары қолданылатын мобильді құрылғыларда ғана пайдалана аласыз. Үйлесімді құрылғыларды Samsung веб-сайтындағы мультимедиалық док-станцияның кіріспе бөлімінен көре аласыз.

Нұсқаулық белгішелер

Ескерту: өзіңіздің немесе басқалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін жағдайлар

Абайлаңыз: құрылғыны немесе басқа жабдықты бұзуы мүмкін жағдайлар

Ескерім: ескертулер, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша ақпарат

Қазақ тілі

2

2