Қосымша

Ақаулықтарды жою

Samsung сервис орталығына хабарласпай тұрып, келесі шешімдерді қолданып көріңіз.

Samsung DeX режимінен Қолданбалар түймесі Бізге хабарласыңыз Жиі қойылатын сұрақтар тармағын таңдап, қатысты мазмұнды қараңыз.

Мультимедиалық док-станция немесе қосылған құрылғылар қатады

Егер мультимедиалық док-станция немесе қосылған құрылғылар қатып қалса немесе тұрып қалса, мұны қосылған мобильді құрылғыны өшіріп қайта қосу арқылы шешіп көріңіз.

Егер мультимедиалық док-станция немесе қосылған құрылғылар жауап бермесе, құрылғыларды мультимедиалық док-станциядан ажыратып қайта қосыңыз.

Егер ақаулық әлі де шешілмей жатса, Samsung сервис орталығына хабарласыңыз.

Мультимедиалық док-станция нұсқаулықта сипатталғаннан басқаша жұмыс істейді

Қол жетімді функциялар қосылған құрылғыға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Экран қатынасы дұрыс емес

Samsung DeX режимінде HD+, FHD және WQHD ажыратымдылықтарына қолдау көрсетіледі. Мобильді құрылғыдағы кейбір мазмұн ТД-да немесе мониторда әр түрлі көрсетілуі мүмкін. Қосылған теледидар немесе монитор мәзірінен экран қатынасын реттеңіз.

Қазақ тілі

20

20