Мультимедиалық док-станцияны пайдалану

Құрылғыны қосу кезіндегі сақтық шаралары

Жылдам зарядтау мүмкіндігіне қолдау көрсететін Samsung растаған зарядтағышқа қосу кезінде ғана мультимедиалық док-станцияны пайдалана аласыз.

Мультимедиалық док-станцияның USB порттарына тек пернетақтаны, тінтуірді немесе USB сақтау құрылғысын қосыңыз. Құрылғыларды зарядтау немесе жоғары сыйымдылықты құрылғыларды осы порттарға қосу дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Желдеткіштің саңылауы мен мобильді құрылғы ағытпасы (USB Type-C) ішін сұйықтықтан немесе шаңнан қорғаңыз. Сұйықтық немесе шаң әсері мультимедиалық док-станцияның дұрыс істемеуіне себеп болуы мүмкін.

Мобильді құрылғы мультимедиалық док-станцияға қосулы кезде оны жылжытпаңыз. Бұлай істеу мобильді құрылғы ағытпасына (USB Type-C) зақым келтіруі мүмкін.

Мультимедиалық док-станцияны мобильді құрылғыға қосқаннан кейін мобильді құрылғының дауыс тану мүмкіндігін пайдаланған кезде, дауыс тану мүмкіндігі дұрыс орындалмауы мүмкін.

Құрылғы қосылымын аяқтау

Мобильді құрылғы мен ТД немесе монитор арасындағы байланысты аяқтау үшін, мобильді құрылғыны мультимедиалық док-станциядан алыңыз.

Мобильді құрылғыны көлденеңінен алыңыз. Оны тым жоғары көтеру, артық тарту немесе шайқау мобильді құрылғы ағытпасына (USB Type-C) зақым келтіруі мүмкін.

Қазақ тілі

9

9