Мультимедиалық док-станцияны пайдалану

Сыртқы пернетақта мен тінтуірді басқару

Сымды тінтуір мен пернетақтаны мультимедиалық док-станцияның USB портына жалғаңыз немесе сымсыз тінтуір мен пернетақтаны жалғанған мобильді құрылғының Bluetooth мүмкіндігіне қосыңыз.

Тінтуірді жалғаған кезде мобильді құрылғыда тачпад пайда болмайды.

Тіпті, экран көшірмесін көрсету режимінде сыртқы пернетақтамен және тінтуірмен басқара аласыз.

Кабель арқылы жалғау

Егер сымды пернетақта немесе тінтуір пайдалану керек болса, USB кабельдерін мультимедиалық док-станцияның USB порттарына қосыңыз.

Сымсыз немесе Bluetooth арқылы жалғау

Сымсыз тінтуір мен пернетақтаны немесе Bluetooth тінтуірі мен пернетақтасын жалғай аласыз. Құрылғылар туралы қосымша ақпаратты құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

Сымсыз тінтуір мен пернетақта: сымсыз қабылдағышты USB портына салу.

Bluetooth тінтуірі мен пернетақтасы: Bluetooth арқылы мобильді құрылғыға жалғау.

Қазақ тілі

13

13