МИКРОТОЛҚЫН ЖӘНЕ КОНВЕКЦИЯ АРАЛАС РЕЖИМ

Аралас режимде микротолқын қуаты мен конвекция қызуы қолданылады. Микротолқын қуаты дереу бөлінетіндіктен, алдын ала қыздыру қажет емес. Көп тағамдарды, әсіресе келесі тағамдарды аралас режим бойынша дайындауға болады:

Ет мен тауықты қуыру

Бәліштер мен торттар

Жұмыртқа мен ірімшік тағамдары

ӘРҚАШАН микротолқынға және пешке төзімді ыдыстарды қолданыңыз. Шыны немесе керамика ыдыстар, микротолқынды тағамға біркелкі таратуға көмектесетіндіктен тамаша ыдыс болып табылады.

Пештегі ыдыстар өте ыстық болатындықтан оларды ӘРҚАШАН қолғап киіп ұстаңыз.

Егер астыңғы торды қолдансаңыз, пісіру және қызарту нәтижелері жақсырақ болуы мүмкін.

Есікті ашыңыз. Тағамды бұрылмалы табаққа немесе бұрылмалы табаққа қойылатын астыңғы торға қойыңыз. Есікті жабыңыз.

1. Microwave+Convection (Микротолқын+Конвекция)

( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Бейнебетте келесі көрсетіледі: (микротолқын және конвекция аралас режим)

220 °C (температура : 2 секунд ішінде келесі температура режиміне ауысады)

2. Температураны Microwave+Convection

(Микротолқын+Конвекция) ( ) түймешігін басып таңдаңыз.

(Температура : 220, 200, 180, 160, 140, 100, 40 °C)

3. Пісіру уақытын тетікті қажетінше бұрап орнатыңыз.

Ең көп пісіру уақыты 60 минут.

4. Тиісті қуат мәнін Microwave+Convection

(Микротолқын+Конвекция) ( ) түймешігін қажетті қуат шығысы көрсетілгенше басып орнатыңыз (600, 450, 300, 180, 100 Вт).

29

5. Start/+30 s (Бастау/+30с) (

) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі:

 

Аралас режиммен пісіру басталады.

Пеш қажетті температураға дейін

қызады да, содан кейін микротолқынмен тағам піскенше пісіреді.

Алдын ала орнатылған пісіру уақыты 8 секунд көрсетіледі; алдын ала орнатылған температура 2 секунд көрсетіледі.

Мысалы) 200 °C градус бойынша 30 минут пісіру

(8 секунд көрсетіледі)

(2 секунд көрсетіледі)

Тағамды пісіріп болғаннан кейін пештен сигнал естіледі де, "0" төрт рет жыпылықтайды. Содан кейін пеш минутына бір рет сигнал береді.

Егер пештің ішіндегі ағымдық температураны білгіңіз келсе, Fast Preheat

(Жылдам қыздыру) ( ) түймешігін басыңыз.

КАЗАҚ

MC285TATCSQ_BW_DE68-04126A-02_KK.indd 29

2014-07-17 ￿￿ 1:10:59

Page 117
Image 117
Samsung MC285TATCSQ/BW manual Микротолқын Және Конвекция Аралас Режим, Microwave+Convection Микротолқын+Конвекция