КОНВЕКЦИЯ РЕЖИМІ БОЙЫНША ПІСІРУ

Конвекция режимі тағамды дәстүрлі пештерде пісірген тәрізді пісіруге көмектеседі. Микротолқын режимі қолданылмайды. Температураны қажетіне орай, сегіз алдын ала орнатылған деңгейде, 40 °C бастап 220 °C аралығында орнатуға болады. Ең көп пісіру уақыты 90 минут.

Егер пешті Жылдам қыздыру керек болса, 26-шы беттегі ақпаратты қараңыз.

Пештің ішіндегі ыдыстар өте ыстық болатындықтан, оларды әрқашан қолғап киіп ұстаңыз.

Егер астыңғы торды қолдансаңыз, пісіру және қызарту нәтижелері жақсырақ болуы мүмкін.

Қыздырғыш элементтің көлденең қалыпта тұрған-тұрмағанын, бұрылмалы табақтың бар-жоғын тексеріңіз. Есікті ашып, ыдысты астыңғы торға қойыңыз да, бұрылмалы табаққа орнатыңыз.

1.Convection (Конвекция) ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Бейнебетте келесі көрсетіледі: (конвекция режимі)

220 °C (температура)

2.Температураны орнату үшін Convection (Конвекция)

( ) түймешігін бір немесе бірнеше рет басыңыз. (Температура : 220, 200, 180, 160, 140, 100, 40 °C)

3.Пісіру уақытын тетікті қажетінше бұрап орнатыңыз.

4.Start/+30 s (Бастау/+30с) ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Тағам пісе бастайды:

Алдын ала орнатылған пісіру уақыты 8 секунд көрсетіледі; алдын ала орнатылған температура 2 секунд көрсетіледі.

Мысалы) 200 °C градус бойынша 30 минут пісіру

(8 секунд көрсетіледі)

(2 секунд көрсетіледі)

Тағамды пісіріп болғаннан кейін пештен сигнал естіледі де, "0" төрт рет жыпылықтайды. Содан кейін пеш минутына бір рет сигнал береді.

Егер пештің ішіндегі ағымдық температураны білгіңіз келсе, Fast Preheat

(Жылдам қыздыру) ( ) түймешігін басыңыз.

Абай болыңыз, конвекция режимі жұмыс істеп тұрған кезде Гриль қыздырғышы ара-тұра іске қосылып кетуі мүмкін.

КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ТАҢДАУ

Дәстүрлі жолмен тағам пісіргенде ыдыс қажет етіледі. Дегенмен, әдеттегі пештерде қолданатын ыдыстарыңызды қолданыңыз.

Әдетте микротолқынға төзімді ыдыстар конвекциямен пісіруге жарамсыз келеді; пластик сауыттарды, табақтарды, қағаз кеселерді, сүлгілерді т.с.с. қолданбаңыз.

Аралас пісіру режимін (микротолқын және гриль немесе

конвекция) қолданғыңыз келсе, тек микротолқынға және пешке төзімді ыдыстарды ғана қолданыңыз.

Ыдыс-аяқтар мен керек-жарақтардың жарамдылығы туралы толығырақ ақпаратты, 30-ші беттегі "Ыдыстың жарамдылығын анықтау" тарауынан қараңыз.

КАЗАҚ

27

MC285TATCSQ_BW_DE68-04126A-02_KK.indd 27

2014-07-17 ￿￿ 1:10:58

Page 115
Image 115
Samsung MC285TATCSQ/BW manual Конвекция Режимі Бойынша Пісіру, КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ Таңдау, Нәтижесі Тағам пісе бастайды