КОНВЕКЦИЯ РЕЖИМІ

Конвекция режимі тағамды дәстүрлі пештерде пісірген тәрізді пісіруге көмектеседі.

Микротолқын режимі қолданылмайды. Температураны қажетіне қарай 40 °C

градустан 200 °C градусқа дейін орнатуға болады. Ең көп пісіру уақыты 60 минут.

Пештің ішіндегі ыдыстар өте ыстық болатындықтан, оларды әрқашан қолғап киіп ұстаңыз.

Егер астыңғы торды қолдансаңыз, пісіру және қызарту нәтижелері

жақсырақ болуы мүмкін.

Қыздырғыш элементтің көлденең қалыпта тұрғанына көз жеткізіңіз. Есікті ашып, ыдысты астыңғы торға қойыңыз да, бұрылмалы табаққа орнатыңыз.

1.Конвекция (Конвекция) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Бейнебетте келесі көрсетіледі:

 

(конвекция режимі)

180 °C

(температура)

2.Температураны Жоғары немесе Төмен түймешігін басып орнатыңыз. (Температура : 40~200 °C, 10 °C аралығы)

Егер температураны 5 секунд ішінде орнатпасаңыз, пісіру уақытын орнату қадамы автоматты түрде орнайды.

3. Выбор (Таңдау) түймешігін басыңыз.

4.Пісіру уақытын Жоғары немесе Төмен түймешігін басып орнатыңыз.

(Егер пешті алдын ала қыздыру қажет болса, бұл қадамнан өтіңіз.)

5.СТАРТ (Бастау) түймешігін басыңыз. Нәтижесі: Тағам пісе бастайды.

Тағам пісіру уақыты аяқталған кезде

пештен дыбысты сигнал естіледі де, “End” жазуы 4 рет жыпылықтайды. Содан кейін пеш минутына бір рет сигнал береді.

ГРИЛЬ ЖАСАУ

Гриль тағамды микротолқынды қолданбай тез қыздырып, қызартуға көмектеседі.

Пештің ішіндегі ыдыстар өте ыстық болатындықтан, оларды әрқашан қолғап киіп ұстаңыз.

Егер үстіңгі торды қолдансаңыз, пісіру және гриль жасау нәтижелері жақсырақ болуы мүмкін.

1. Есікті ашып, тағамды тордың үстіне қойыңыз.

2.Гриль түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Дисплейде келесі белгілер көрсетіледі:

(гриль режимі)

Гриль температурасын орната алмайсыз.

3.Гриль жасау уақытын Жоғары немесе Төмен түймешігін басып орнатыңыз.

Ең көп гриль жасау уақыты 60 минут.

4.СТАРТ (Бастау) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Гриль жасала бастайды.

Тағам пісіру уақыты аяқталған кезде пештен дыбысты сигнал естіледі де, “End” жазуы 4 рет жыпылықтайды. Содан кейін пеш минутына бір рет сигнал береді.

КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ТАҢДАУ

Дәстүрлі жолмен тағам пісіргенде ыдыс қажет етіледі. Дегенмен, әдеттегі пештерде қолданатын ыдыстарыңызды қолданыңыз.

Әдетте микротолқынға төзімді ыдыстар конвекциямен пісіруге жарамсыз келеді; пластик сауыттарды, табақтарды, қағаз кеселерді, сүлгілерді т.с.с. қолданбаңыз.

Аралас пісіру режимін (микротолқын және гриль немесе конвекция) қолданғыңыз келсе, тек микротолқынға және пешке төзімді ыдыстарды ғана қолданыңыз.

Ыдыс-аяқтар мен керек-жарақтардың жарамдылығы туралы толығырақ ақпаратты, 32-ші беттегі "Ыдыстың жарамдылығын анықтау" тарауынан қараңыз.

04ПЕШТІ ІСКЕ ҚОСУ

Казақ - 29

MC28H5013AW_BW_DE68-04234A-04_RU+UK+KK+UZ.indb 29

2017-02-01 ￿￿ 11:36:39

Page 117
Image 117
Samsung MC28H5013AK/BW Конвекция Режимі, Гриль Жасау, КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ Таңдау, Конвекция Конвекция түймешігін басыңыз