ҚУАТ МӘНДЕРІ

Төмендегі қуат мәндерінің ішінен қажетін таңдауыңызға болады.

Қуат мәні

Шығысы

ЖОҒАРЫ

800 Вт

 

 

ОРТАША ЖОҒАРЫ

600 Вт

 

 

ОРТАША

450 Вт

 

 

ОРТАШАДАН ТӨМЕН

300 Вт

 

 

ЖІБІТУ

180 Вт

 

 

ТӨМЕН

100 Вт

 

 

Жоғарырақ қуат мәнін таңдасаңыз, пісіру уақытын азайту керек. Азырақ қуат мәнін таңдасаңыз, пісіру уақытын ұзарту керек.

ПІСІРУ УАҚЫТЫН РЕТТЕУ

Пісіру уақытын әрбір қосқыңыз келген 30 секунд үшін +30СЕК (+30C) түймешігін бір рет басып ұзартуыңызға болады.

1.Әрбір қосқыңыз келген 30 секунд үшін +30СЕК (+30C)

түймешігін бір рет басыңыз.

2. СТАРТ (БАСТАУ) түймешігін басыңыз.

ПІСІРУДІ ТОҚТАТУ

Тағам пісіруді кез келген уақытта тоқтатып, тағамды тексеруіңізге болады.

1.Уақытша тоқтату үшін; Есікті ашыңыз.

Нәтижесі: Пісіру тоқтайды. Қайта жалғастырып пісіру үшін, есікті жабыңыз да, СТАРТ (БАСТАУ) түймешігін қайта басыңыз.

2.Мүлдем тоқтату үшін; СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ)

түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Тағам пісіру тоқтайды. Пісіру параметрлерін біржола тоқтатқыңыз келсе, СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ) түймешігін қайта басыңыз.

Кез келген параметрді тағам пісіруді бастамай тұрып, СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ) түймешігін басып тоқтатуыңызға болады.

ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУ РЕЖИМІН ОРНАТУ

Пештің қуатты үнемдеу режимі бар. Бұл функция пеш іске қосылмай тұрған кезде электр тоғын үнемдейді.

СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Дисплей сөнеді.

• Қуатты үнемдеу режимін сөндіру үшін есікті ашыңыз немесе СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ) түймешігін басыңыз, сонда дисплейде ағымдық уақыт көрсетіледі. Пеш іске қосуға дайын.

Қуатты авт. түрде үнемдеу функциясы Құрылғы функцияның ортасына келген кезде немесе уақытша тоқтап тұрған

кезде ешбір функцияны таңдамасаңыз, функция біржола тоқтайды да, 25 минуттан кейін сағат көрсетіледі.

Есік ашық тұрса пеш шамы 5 минуттан кейін сөнеді.

03 ПЕШТІ ІСКЕ ПАЙДАЛАНУ

Казақ - 15

ME83KRQW-1_BW_DE68-04285B-02_RU+UK+KK+UZ.indb 15

2017-02-01 ￿￿ 12:36:19

Page 87
Image 87
Samsung ME83KRQW-1/BW, ME83KRQS-2/BW Қуат Мәндері, Пісіру Уақытын Реттеу, Пісіруді Тоқтату, Қуатты Үнемдеу Режимін Орнату