МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІҢ ҚАУІПСІЗДІК ҚҰРАЛЫ

Микротолқынды пешіңіз, бала немесе пештен хабары жоқ адам оны байқаусызда қосып қоюға жол бермеу үшін пешті “құлыптап” қоятын, бала қауіпсіздігі бағдарламасымен жабдықталған.

Пешті кез келген уақытта құрсаулап қоюға болады.

1.СТОП (Тоқтату) және Часы (Сағат) түймешіктерін қатар басыңыз.

Нәтижесі : Пешке құрсау салынады (ешбір функцияны таңдау мүмкін емес).

Бейнебетте “L” көрсетіледі.

2.Пештің құрсауын ашу үшін СТОП (Тоқтату) және Часы

(Сағат) түймешіктерін қайта бір уақытта басу керек. Нәтижесі: Пешті әдеттегідей қолдана беруге болады.

БУМЕН ПІСІРУ НҰСҚАУЛЫҒЫ (GE83KR*-*X ҮЛГІЛЕРІНЕ ҒАНА АРНАЛҒАН)

Бу кәстрөлі бумен пісіру принципіне негізделген және тағамды Samsung микротолқынды пешінде жылдам, әрі денсаулыққа пайдалы етіп пісіруге арналған. Бұл құрал күріш, макарон, көкөніс т.с.с. тағамдардың табиғи құнарлылығын сақтай отырып, өте жылдам пісіруге арналған.

Микротолқынды пештің бу кәстрөлі 3 керек-жарақтан тұрады:

ҚОЛДАНУ ШАРТТАРЫ:

Қолданбаңыз:

құрамында өте көп қанты немесе майы бар тағамдарды пісіру үшін,

гриль құрылғысын немесе қызуды айналдыратын функцияны қолданып, не пештің үстіне қойып қолданбаңыз.

Ең алғаш қолданар алдында барлық керек-жарақтарын сабынды сумен жақсылап жуыңыз.

Пісіру уақыттарын келесі беттегі кестеде көрсетілген нұсқаулардан қараңыз.

КҮТІМ КӨРСЕТУ:

Осы бу кәстрөлін ыдыс жуғыш машинаға салып жууға болады.

Қолмен жуған кезде, ыстық су мен жуғыш сұйықты қолданыңыз. Жеміргіш сүрткіштерді қолданбаңыз.

Кейбір тағамдар (қызанақ тәрізді) пластиктің өңін кетіруі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және өндіруші жіберген ақау емес.

Кәстрөл

Науа

Қақпақ

Бұл керек-жарақтардың барлығы -20 °C градустан бастап, 140 °C градус қызуға төзеді.

Мұздатқышта сақтауға жарамды. Жеке-жеке немесе бірге қолдануға да болады.

Казақ - 28

GE83K_GE83M_GE83A_BWT_DE68-04283A-03_RU+UK+KK+UZ.indb 28

2017-02-01 ￿￿ 11:51:37

Page 108
Image 108
Samsung GE83KRS-2/BW Микротолқынды Пештің Қауіпсіздік Құралы, Бумен Пісіру Нұсқаулығы GE83KR*-*X Үлгілеріне Ғана Арналған