КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫ

Құрылғының қандай үлгісін таңдап алғаныңызға қарай, онымен бірге әр түрлі жолмен қолдануға болатын бірнеше керек-жарақ жеткізіледі.

1.Айналмалы шығырық, пеш табанының ортасына

қойылады.

Мақсаты :Айналмалы шығырық бұрылмалы табақты ұстап тұрады.

2.Бұрылмалы табақ, айналмалы шығырықтың ортасындағы тетік арқылы жалғастырғышқа қойылады.

Мақсаты :Бұрылмалы табақ тамақ пісіретін негізгі орын болып табылады: оны тазалау үшін оңай алуға болады.

Микротолқынды пешті айналмалы шығырық пен бұрылмалы табақсыз ІСКЕ ҚОСПАҢЫЗ.

УАҚЫТТЫ ОРНАТУ

Сіздің микротолқынды пешіңізге сағат орнатылған. Қуат көзіне қосылған кезде, дисплейде “:0”, “88:88” немесе “12:00” автоматты түрде пайда болады.

Ағымдық уақытты орнатыңыз. Уақытты 24-сағаттық немесе 12-сағаттық режимде көрсетуге болады. Сағатты келесі жағдайларда орнату керек:

Микротолқынды пешті алғаш орнатқанда

Электр қуаты өшіп қалғанда

Жазғы және қысқы уақыттарды ауыстырған кезде сағатты қайта орнатуды ұмытпаңыз.

1.Сағатты келесі режимге қою үшін ...

24-сағаттық режим.

12-сағаттық режим.

Сағат () түймешігін бір немесе екі рет басыңыз.

2. Сағатты орнату үшін тетікті бұраңыз.

3.Сағат () түймешігін басыңыз.

4. Минутты орнату үшін тетікті бұраңыз.

5.Сағат () түймешігін басыңыз.

13

Казақ

MS23F301TQW_BW_DE68-04248B-01_RU+UK+KK+UZ.indb 13

 

 

2017-02-01 ￿￿ 11:48:27