Samsung MS23F301TQW/BW Пісіру/Қыздыру, Қуат Мәндері, Пісіру Уақытын Реттеу, Пісіруді Тоқтату

Models: MS23F301TQW/BW MS23F302TQK/BW MS23F302TQS/BW MS23F301TQR/BW

1 160
Download 160 pages 9.22 Kb
Page 95
Image 95
СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ)

ПІСІРУ/ҚЫЗДЫРУ

Төменде тағамды қалай пісіруге немесе қыздыруға болатындығы туралы айтылған.

Пешті қараусыз қалдырардың алдында ӘРҚАШАН пісіру параметрлерін тексеріңіз.

Алдымен, тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз. Содан кейін есікті жабыңыз.

1. СВЧ (Микротолқын) ( ) түймешігін басыңыз. Нәтижесі: 800 Вт (ең үлкен пісіру қуаты) көрсетіледі:

Тиісті қуат мәнін СВЧ (Микротолқын) ( ) түймешігін қажетті ватт мәні көрсетілгенше қайта басып таңдаңыз. Қуат мәні кестесін қараңыз.

2. Пісіру уақытын тетікті бұрап орнатыңыз. Нәтижесі: Пісіру уақыты көрсетіледі.

3.СТАРТ/+30СЕК (БАСТАУ/+30C) ( ) түймешігін

басыңыз.

Нәтижесі: Пештің шамы жанады да, бұрылмалы табақ айнала бастайды.

1)Тағам пісе бастайды және пісіп болғаннан кейін пеш 4 рет сигнал береді.

2)Пісіру аяқталғанын ескертетін сигнал 3 рет естіледі. (минутына бір рет)

3)Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі.

Бос тұрған пешті ешқашан қоспаңыз.

Тағамды аз уақыт ішінде ең жоғарғы қуатқа (800 Вт) қойып қыздырғыңыз келсе, СТАРТ/+30СЕК (БАСТАУ/+30C) () түймешігін пісіру уақытының әрбір 30 секунды үшін бір рет басыңыз. Пеш дереу іске қосылады.

ҚУАТ МӘНДЕРІ

Төмендегі қуат мәндерінің ішінен қажетін таңдауыңызға болады.

Қуат мәні

Шығысы

ЖОҒАРЫ

800 Вт

ОРТАША ЖОҒАРЫ

600 Вт

ОРТАША

450 Вт

ОРТАШАДАН ТӨМЕН

300 Вт

ЖІБІТУ ( )

180 Вт

ТӨМЕН/ЖЫЛЫ ҰСТАУ

100 Вт

Жоғарырақ қуат мәнін таңдасаңыз, пісіру уақытын азайту керек. Азырақ қуат мәнін таңдасаңыз, пісіру уақытын ұзарту керек.

ПІСІРУ УАҚЫТЫН РЕТТЕУ

Пісіру уақытын, әрбір қосқыңыз келген 30 секунд үшін СТАРТ/+30СЕК (БАСТАУ/+30C) () түймешігін бір рет басып ұзартуыңызға болады. Әрбір қосқыңыз келген 30 секунд үшін СТАРТ/+30СЕК (БАСТАУ/+30C) () түймешігін бір рет басыңыз.

ПІСІРУДІ ТОҚТАТУ

 

Тағам пісіруді кез келген уақытта тоқтатып, тағамды тексеруіңізге болады.

1.

Уақытша тоқтату үшін;

 

 

1) Есікті ашыңыз.

 

 

Нәтижесі: Пісіру тоқтайды. Қайта жалғастырып пісіру

 

үшін, есікті жабыңыз да, (

) түймешігін қайта

 

басыңыз.

 

2) СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ) () түймешігін басыңыз. Нәтижесі: Пісіру тоқтайды.

Пісіруді жалғастыру үшін () түймешігін қайта басыңыз.

2.Мүлдем тоқтату үшін; СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ)

() түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Тағам пісіру тоқтайды. Пісіру параметрлерін біржола тоқтатқыңыз келсе, СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ) () түймешігін қайта басыңыз.

Сонымен қатар, кез келген параметрді бастамай тұрып, СТОП/ЭКО

(ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ) () түймешігін басып біржола тоқтатуға болады.

15

Казақ

MS23F301TQW_BW_DE68-04248B-01_RU+UK+KK+UZ.indb 15

2017-02-01 ￿￿ 11:48:28

Page 95
Image 95
Samsung MS23F301TQW/BW, MS23F301TQR/BW manual Пісіру/Қыздыру, Қуат Мәндері, Пісіру Уақытын Реттеу, Пісіруді Тоқтату