ақаулық себептерін анықтау және ақаулық коды

АҚАУЛЫҚ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ

Төмендегі ақаулықтардың бірі орын алса, көрсетілген шешімдерді қолданып түзетіп көріңіз.

Бұл қалыпты жағдай.

Пештің ішінде конденсат пайда болады.

Есіктің айналасы мен корпустың сыртынан жел үрлейді.

Есіктің маңайы мен корпустың сыртында жарық шағылысып тұр.

Есіктің маңайына немесе саңылаулардан бу шығып кетеді.

СТАРТ/+30s (БАСТАУ/+30с) түймешігін басқан кезде пеш іске қосылмайды.

Есік әбден жабылды ма?

Тағам мүлде піспеген.

Таймерді дұрыс орнаттыңыз ба және/не СТАРТ/+30s (БАСТАУ/+30с) түймешігін бастыңыз ба?

Есік жабық тұр ма?

Электр желісінің жүктемесін арттырғандықтан, сақтандырғыш жанып немесе айырып- қосқыш іске қосылған жоқ па?

Тағам қатты пісіп кеткен немесе шала піскен.

Тағамның түріне сай келетін пісіру уақыты орнатылды ма?

Сай келетін қуат мәні таңдалды ма?

Жарықтама шамы жанбай тұр.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында шамды пайдаланушы ауыстырмауға тиіс. Жақын орналасқан Samsung тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласып, шамды ауыстырту үшін уәкілетті маманды шақыртыңыз.

Пеш радио немесе теледидарға бөгеуіл жасайды.

Пеш жұмыс жасап тұрған кезде теледидар мен радиода аздаған бөгеуіл пайда болуы мүмкін Бұл қалыпты жағдай. Бұндай бөгеуілді азайту үшін, пешті теледидар, радио және антеннадан алыс орнатып көріңіз.

Пештің микропроцессоры бөгеуіл барын анықтаса, бейнебет параметрлерін қайта орнату қажет болуы мүмкін.

Бұл ақаулықты түзету үшін ашаны розеткадан суырыңыз да, қайта жалғаңыз. Уақытты қайта орнатыңыз.

Пештің ішінде жарқыл және сытыр (электр жарқылы) пайда болады.

Металл жиегі бар ыдысты қолдандыңыз ба?

Шанышқы немесе басқа металл ас құралы пештің ішінде қалып қойған жоқ па?

Алюминий фольга пештің ішкі қабырғасына тым жақын орналасқан жоқ па?

Алғаш қолданғанда түтін және жағымсыз иіс шығады.

Бұл жаңа қыздырғыш элементтен уақытша шығатын иіс.

Түтін және иіс 10 минут пайдаланғаннан кейін толығымен жойылады.

Иісті барынша жылдам кетіру үшін микротолқынды пешті лимон немесе лимон шырынын салып іске қосыңыз.

Жоғарыда көрсетілген ұсыныстар ақаулықты түзетуге көмектеспесе, жергілікті SAMSUNG тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Келесі ақпаратты оқыңыз;

Пештің үлгісі мен сериялық нөмірлері, әдетте пештің артқы жағында болады

Кепілдік деректері

Ақаулықтың қысқа да нұсқа сипаттамасы

Содан кейін жергілікті дилерге немесе SAMSUNG тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

АҚАУЛЫҚ КОДТАРЫ

“SE” хабары көрсетіледі.

Тетіктерді тазалап, тетіктің айналасында су бар-жоғын тексеріңіз. Микротолқынды

пешті сөндіріп, параметрлерді қайта орнатып көріңіз. Бұндай жағдай қайта орын алса, жергілікті SAMSUNG тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына қоңырау шалыңыз.

“E-12” хабары көрсетіледі.

“E-12” хабары газ сенсорының қысқа тұйықталғанын көрсетеді. Бұл ақау микротолқынды пайдаланып болғаннан кейін көп уақыт өтпей қайта пайдаланған кезде корпустың ішінде пайда болатын ылғалдылық деңгейінің өте жоғары болуына байланысты. Бұндай жағдайда газ сенсоры істен шықпай тұруы ықтимал болғандықтан, микротолқынды пешті сөндіріп, параметрді қайта орнатып көріңіз. Бұл ақау қайта пайда болса, жергілікті SAMSUNG тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына қоңырау шалыңыз.

“E-24” хабары көрсетіледі.

Микротолқынды пеш қатты қызар алдында дисплейде “E-24” белгісі пайда болады. Егер дисплейде “E-24” белгісі пайда болса, параметрлерді бастапқы қалпына қою режимін пайдалану үшін СТОП/ЭКО (Тоқтату/Үнемді) түймешігін басыңыз. Пешті суығаннан кейін ашыңыз. Егер “E-24” белгісі қайта көрінсе, жергілікті Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Егер жоғарыда көрсетілген тізімдегі ақау кодынан басқа кодтар көрсетілсе немесе ұсынылған шешім мәселеңізді шешуге көмектеспесе, жергілікті SAMSUNG тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Казақ - 42

CE107MNSTR-BWT_DE68-04260D-02_RU+UK+KK+UZ.indb 42

2017-02-01 ￿￿ 11:50:06

Page 130
Image 130
Samsung CE107MNSTR/BWT manual Ақаулық себептерін анықтау және ақаулық коды, Ақаулық Себептерін Анықтау, Ақаулық Кодтары