Жұқа табақты пайдалану

Бұл жұқа табақты қолданғанда тағамның тек үстіңгі жағы ғана гриль көмегімен қызарып піспейді, сонымен қатар жұқа табақ температурасының жоғарылығына байланысты, тағамның астыңғы жағы да қызарып, қытырлақ болып піседі. Кестеден жұқа табақты қолданып пісіруге болатын бірнеше тағам түрлерін көресіз (келесі бетті қараңыз). Қызартып пісіру табағын сонымен қатар бекон, жұмыртқа, шұжық т.с.с. пісіру үшін қолдануға болады.

1.Жұқа табақты бұрылмалы табақтың үстіне тура

қойыңыз да, микротолқын-гриль-аралас [600 Вт + Гриль] режимін ең жоғары қуат мәніне қойып, кестедегі уақыт пен нұсқауларды орындай отырып алдын ала қыздырыңыз.

2. Бекон, жұмыртқа тәрізді тағамдарды пісірген кезде, тағамды жақсы қызарту үшін жұқа табаққа май жағыңыз.

3.Тағамды жұқа табақтың үстіне қойыңыз.

4.Қызартып пісіретін табақты микротолқынды

пештің ішіндегі металл торға (не бұрылмалы табаққа) қойыңыз.

5.Тиісті пісіру уақыты мен қуат деңгейін таңдаңыз.

(Келесі жақтағы кестеге қараңыз)

НАЗАР САЛЫҢЫЗ

Жұқа табақты пештен әрқашан қолғап киіп алыңыз, себебі ол қатты ысып кетеді.

Қызуға төзбейтін заттарды ешқашан жұқа табақтың үстіне қоймаңыз.

Жұқа табақты ешқашан бұрылмалы табақсыз пешке қоймаңыз.

Жұқа табақтың ыдыс жуғыш машинаға төзімді емес екенін ескеріңіз.

ЕСКЕРТПЕ

Жұқа табақтың сызат түсуден қорғай алмайтын тефлонмен қапталғанын ескеріңіз. Пышақ тәрізді өткір затты тағамды жұқа табақ үстінде кесу үшін қолданбаңыз.

Жұқа табақты жылы су мен жуғыш заттың көмегімен тазалап, таза сумен шайыңыз.

Түрпілі шөтке немесе қатты жөкемен тазаламаңыз, себебі беткі қаптамасына зиян келеді.

Казақ 39

Пешті іске пайдалану

MC28M6055CK_BW_DE68-04515A-01_RU+UK+KK+UZ.indb 39

11/29/2017 6:55:11 PM

Page 167
Image 167
Samsung MC28M6055CK/BW manual Жұқа табақты пайдалану, Келесі жақтағы кестеге қараңыз, Казақ 39