Жібіту

Микротолқындар мұздатылған тағамды жібітуге тамаша жарайды. Микротолқындар мұздатылған тағамдарды аз уақыт ішінде баппен жібітеді. Бұл күтпеген жерде қонақ келе қалған жағдайда, сізге үлкен көмек.

Мұздатылған құс етін әбден жібітіп барып пісіру қажет. Металл сымдары болса алып, орамынан шығарып, аққан сұйықты сорғытыңыз.

Мұздатылған тағамды ыдысқа салыңыз, қақпақ жаппаңыз. Орта шегіне келгенде аударыңыз, сұйығы болса дереу ағызыңыз. Тағамды жиі-жиі тексеріп, жылып кетпегеніне көз жеткізіңіз. Мұздаған тағамның кішкене және жұқа бөліктері қыза бастаса, оларды кішкене алюминий фольгадан жасалған таспамен орап қоюға болады.

Құс етінің сыртқы жағы қыза бастаса, жібітуді тоқтатыңыз да, 20 минут күте тұрып, содан кейін жалғастырыңыз.

Балық, ет және құс етін әбден жібіту үшін қоя тұрыңыз. Тағамды әбден жібітуге қажетті уақыт, жібітілетін тағамның мөлшеріне қарай әртүрлі болады. Төмендегі кестеге қараңыз.

Ақыл-кеңес: Жалпақ тағам қалың тағамға қарағанда, кішкене тағам, үлкен тағамдарға қарағанда тез жібиді. Тағамды мұздату мен жібіту кезінде осы кеңесті есте ұстаңыз.

Температурасы шамамен -18-ден -20 °C дейінгі мұздатылған тағамдарды жібіту үшін төмендегі кестеге сүйеніңіз.

Тағам

Үстелге тарту

Қуат

Уақыт (мин.)

мөлшері

 

 

 

 

 

 

 

Ет

 

 

 

Тартылған ет

250 г

180 Вт

6-7

 

500 г

 

8-13

Шошқа стейгі

250 г

180 Вт

7-8

 

 

 

 

Нұсқаулар

Етті бұрылмалы табаққа қойыңыз. Жұқа жерлерін алюминий фольгамен жабыңыз. Жібітудің орта тұсына келгенде аударыңыз!

15-30 минут қоя тұрып, содан кейін үстелге тартыңыз.

Тағам

Үстелге тарту

Қуат

Уақыт (мин.)

мөлшері

 

 

 

Құс еті

 

 

 

Тауықтың кесек еттері

500 г (2 дана)

180 Вт

14-15

Бүтін тауық

1200 г

180 Вт

32-34

 

 

 

 

Нұсқаулар

Алдымен, тауық еттерінің терісі бар жақтарын төмен қаратып салыңыз, бүтін тауықтың төсін керамика табаққа қаратып салыңыз. Қанаттарының ұштары тәрізді жұқа жерлерін алюминий фольгамен жабыңыз. Жібітудің орта тұсына келгенде аударыңыз!

15-60 минут қоя тұрып, содан кейін үстелге тартыңыз.

Балық

 

 

 

Балық филесі

200 г

180 Вт

6-7

Бүтін балық

400 г

180 Вт

11-13

 

 

 

 

Нұсқаулар

Мұздатылған балықты керамика табақтың ортасына салыңыз. Жұқа жерлерін қалың жерлерінің астына салыңыз. Филенің жіңішке ұштарын немесе бүтін балықтың құйырығын алюминий фольгамен далдалаңыз. Жібітудің орта тұсына келгенде аударыңыз!

10-25 минут қоя тұрып, содан кейін үстелге тартыңыз.

Жеміс

 

 

 

Жидек

300 г

180 Вт

6-7

Нұсқаулар

Жидекті жалпақ, дөңгелек ыдысқа (диаметрі үлкен) шыны ыдысқа салыңыз. 5-10 минут қоя тұрып, содан кейін үстелге тартыңыз.

Казақ 53

Тағам пісіруге қатысты ақыл-кеңес

MC32K7055CT_BW_DE68-04443A-02_RU+UK+KK+UZ.indb 53

2017-02-01 ￿￿ 2:21:48

Page 181
Image 181
Samsung MC32K7055CT/BW, MC32K7055CK/BW manual Жібіту, Бүтін тауық, Казақ 53