Құрылғы мен зарядтағышты абайлап пайдаланыңыз және тастаңыз

Батареяны немесе құрылғыны ешқашан отқа тастамаңыз. Батареяны немесе құрылғыны қысқа толқынды пеш, кәдімгі пештер немесе радиаторлар сияқты қыздыру құрылғыларының үстінде не ішінде ұстамаңыз. Құрылғы шамадан ысығанда жарылып кетуі мүмкін. Қолданылған батареяны не құрылғыны қоқысқа тастағанда, барлық жергілікті ережелерді ұстаныңыз.

Құрылғыны ешқашан сындырып не тесіп алмаңыз.

Құрылғыны жоғарғы сыртқы қысымға ұшыратпаңыз, ол ішкі қысқа тұйықталуға және шамадан тыс қызуға себеп болуы мүмкін.

Құрылғыны, батареяны және зарядтағышты зақымдаудан қорғаңыз

Құрылғы мен батареяны өте суық немесе ыстық температураларға шығармаңыз.

Шамадан тыс температура құрылғыны зақымдап, зарядтау мүмкіндігінің және құрылғы мен батареяның жұмыс істеу мерзімін азайтуы мүмкін.

Батареяның оң және теріс түйіспелерін тікелей бірге жалғамаңыз және олардың металл бұйымдарына тиюіне жол бермеңіз. Бұл батареяның дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.

Ешқашан зақымдалған адаптерді немесе батареяны пайдаланбаңыз.

Құрылғыңызды қыздырғыштардың, қысқа толқынды пештердің, ысытып пісіретін жабдықтың немесе жоғары қысымды контейнерлердің жанында не ішінде сақтамаңыз

Батарея ағып кетуі мүмкін.

Құрылғыңыз қатты қызып кетіп, өрт шығаруы мүмкін.

Құрылғыңызды шаң немесе ауадағы заттардың көп жиналатын жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз

Шаң немесе бөгде заттар құрылғыңыздың дұрыс жұмыс істемеуіне және өртке немесе электр тоғының соғуына себеп болады.

Қазақ тілі